Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық түсiндіру жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиiмдiлiгін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсін.
2. Жергілiктi атқарушы органдар құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегі өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлесiн.
3. "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 591 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 21, 182-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі жыл сайын, жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегі бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінe енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1382 қаулысымен
бекiтiлген
Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Құқықтық түсiндiру жұмысы,
құқықтық мәдениеттi қалыптастыру,
азаматтарды құқықтық оқыту мен
тәрбиелеу жөнiндегi 2005-2007
жылдарға арналған бағдарлама
Бағдарламаны әзірлеу Қазақстан Республикасы
үшiн негiздеме Президентiнiң 2003 жылғы 14
мамырдағы N 14-622 к тапсырмасы
Негізгі әзірлеушi Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлiгі.
Мақсаты Қазақстан Республикасы
азаматтарының құқықтық
санасы мен құқықтық мәдениетi
деңгейiн арттыру.
Мiндеттерi Қазақстан заңнамасын түсiндiру,
онда анықталған кемшiлiктердi жою
жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
жаңа тұрпатты мемлекеттік
қызметшiлердiң құқықтық
даярлық деңгейiн арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарымен
өзара iс-қимыл жасау, құқықтық
түсiндiру жұмысына дүниежүзiлiк
"Интернет" желiсін қоса алғанда,
жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану;
Құқықтық мәдениеттi, құқықтық
тәрбиенi қалыптастырудың өзектi
проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулердi жандандыру.
Қажетті ресурстар және Бағдарламаны iске асыру
оларды қаржыландыру көздерi республикалық бюджет қаражатынан
198 млн. теңге сомасында
қаржыландыруды талап етедi.
Республикалық бюджеттен
қаржыландырудың жалпы көлемi (млн.
теңге), соның iшiнде жылдар
бойынша:
2005 жыл - 65 млн. теңге;
2006 жыл - 66,5 млн. теңге;
2007 жыл - 66,5 млн. теңге.
Көзделетiн сомалар жыл сайын
тиiстi жылға арналған
республикалық бюджеттi
қалыптастыру кезiнде нақтыланатын
болады.
Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру тiзбесi
олардың басымдықтарын негiзге ала
отырып әзiрленген нақты
iс-шаралардың негiзiнде жүзеге
асырылады.
Бағдарламада көзделген
iс-шаралардың орындалуы:
электронды БАҚ-та құқықтық
тақырыпқа арналған хабарлар
көлемiн арттыруға;
республикалық мерзiмдi баспасөз
басылымдарындағы құқықтық тақырып
бойынша арнайы айдарлардың санын
ұлғайтуға;
республикалық радиода және
орталық мемлекеттiк телеарналарда
құқықтық тақырып бойынша
телевизиялық бағдарламалар мен
радиохабарлардың санын ұлғайтуға;
құқықтық тақырып бойынша
оқу-әдiстемелiк, ғылыми және
басқа да әдебиеттердi шығару
көлемiн арттыруға;
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құқықтық мәдениетi
деңгейiн елеулi түрде көтеруге,
құқықтық тәртiп пен заңды
құрметтеудiң нақты жағдайын
орнатуға;
құқықтық түсiндiру жұмысын,
азаматтарды құқықтық оқыту мен
құқықтық тәрбиелеудi қамтамасыз
етуде мемлекеттiк органдардың,
бұқаралық ақпарат құралдарының,
қоғамдық бiрлестiктер мен
үкiметтiк емес ұйымдардың
күш-жiгерiн үйлестiруге мүмкiндiк
бередi.
Iске асыру мерзiмдерi 2005-2007 жылдар
2. Кірiспе
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк жылдарында тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде қалыптасудың маңызды жолдарынан өттi. Республикада жүргiзiлiп жатқан құқықтық реформалармен қатар құқықтық мемлекет құру - сипатты белгiлерiнiң бiрi халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң биiк деңгейi болып табылатын толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыруды талап етедi.
Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн дамытудың оңтайлы процесi қоғам мен мемлекет өмiрiндегi барынша маңызды әлеуметтiк аспектiлердiң бiрi болып табылады, өйткенi ол азаматтық қоғамның барлық мүшелерiнiң құқық пен заң құндылықтарын толық қабылдауын қамтамасыз ете отырып, қоғамда азаматтық келiсiм мен құқықтық тәртiптiң нығаюына және олардың одан әрi бiрiгуiне ықпал етедi.
Мұндай қоғамды ойдағыдай құру үшiн, ең алдымен, жеке құқықтық сананы дамыту және құқықтың нормативтiк-реттеушiлiк ролiн ұғыну, сондай-ақ ел азаматтарына өз құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын шешiмдердi қабылдау мен iске асыруда өздерiнiң тiкелей қатысуына нақты мүмкiндiк беру қажет.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысында мынадай бағыттар бөлiнiп көрсетiлген: халықтың құқықтық мәдениетi мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгін көтеру және заңдылықты, құқықтық тәртiптi, реттiлiктi нығайту. Бiрақ көрсетiлген бағыттардың барлығы бiрдей толық көлемде орындалған жоқ.
Халықтың құқықтық мәдениет деңгейi жеткiлiксiз деңгейде қалып келедi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 591 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған жалпыға бiрдей құқықтық оқудың кешендi бағдарламасының қолданылуы аяқталған кезден бастап, Республиканың мемлекеттiк органдары құқықтық түсiндiру жұмысы саласындағы жүйелi тәсiл мен мақсатты бағыттылықты қамтамасыз ететiн бiрде-бiр құжат қабылдаған жоқ, бұл құндық-құқықтық бос кеңiстiктiң туындауына әкеп соқтырды.
Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 14 мамырдағы N 14-622 к тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарламаны iске асыру мынадай негiзгi қағидаттарды:
кешенділік және нәтижелілік;
iске асырушылық (орындаушылық);
сабақтастық;
жүйелiлiк;
атаулы бағыттылықты сақтай отырып, ауқымды ұйымдастырушылық шаралар кешенiн орындауды көздейдi.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбие мәселелерi өзара байланысты және өзара келiсiлген болып табылады, қоғамның өмiр-тiршiлiгiнiң барлық жақтарына қатысты болады.
Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау көзқарасты өзгерту, жаңа үрдiстердi, әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескеру, азаматтарды құқықтық қатынастардың жаңа түрлерiне бейiмдеуге ықпал ету қажеттiгiн көрсетедi.
Құқықтық түсiндiру жұмысында, әсiресе құқықтық білім беру мектептерiнде тыңдаушылардың құрамын айқындауда олардың бiлiм деңгейiн, айналысатын кәсiбiнiң түрiн, салалық бағыттылығын ескере отырып, саралауға қол жеткiзуiмiз керек. Ақпараттар ағынының ұдайы ұлғаюы, оның жүйесiз сипаты мән-мағынасының бiркелкiленуiне, халықтың қабылдамауына әкеп соқтырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының қарқынды дамуымен, жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың, жоғары оқу орындарының орналасуымен, мәдениет мекемелерi санының көптiгiмен байланысты қала халқы жағдайының қолайлы екендiгi баршаға мәлiм. Сондықтан неғұрлым маңызды, түйiнді проблемаларды бөлiп алып, бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрi - БАҚ) мүмкiндiгiн пайдалана отырып, оларды дәйектi түрде жариялауға, түсiндiруге қол жеткiзген орынды. Алайда мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланған және эфирге шыққан телевизия және радио бағдарламаларын талдау құқықтық тақырыпты ашудың әлi де жеткiлiксiз жүзеге асырылып отырғанын көрсетедi.
Мемлекеттiк органдардың, әрбiр мемлекеттiк қызметшiнiң, кәсiби заңгердiң, әсiресе құқықтық түсiндiру жұмыстарына қатысатын құқық қорғау жүйесi субъектiлерiнiң, сондай-ақ ғылыми мекемелердiң, ғылыми-педагогикалық кадрлардың рөлiн көтеру қажет. Өз кезегiнде оқу орындары, ғылыми мекемелер мемлекеттiк органдардың қатысуымен осы проблемаларға зерттеулер жүргiзу мен оның теориялық базасын жандандыруды қамтамасыз етуi тиiс. Осы саладағы перспективалы ғылыми әзiрленiмдер жүргiзетiн жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында гранттар беру жүйесiн дамыту, азаматтардың құқықтық мәдениетi мен құқықтық тәрбиесiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулермен айналысу үшiн жағдай жасау қажет.
Алда құқықтық түсiндiру жұмысы саласындағы мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiндегi бытыраңқылықты еңсеру мiндетi тұр. Әдiлет органдарының деректерi бойынша республикада 156 мыңнан астам тыңдаушы қатысатын 3800-ден астам құқықтық бiлiм беру мектептерi жұмыс iстейдi. Алайда, талдау республиканың облыстары мен қалаларында осы проблеманы шешудiң әртүрлi тәсiлi бар екендiгiн көрсетедi. Кейбiр өңiрлерде сан "қуушылық" байқалады... .
Демек, бiрыңғай талаптар, ортақ әдiснама әзірлеу қажет, жаңа ақпараттық технологиялардың жетiстiктерiн ескере отырып, құқықтық түсiндiру жұмыстарының iс-шараларын өткiзудiң нысандары мен әдiстерiн өзгерту талап етiледi. Құқықтық түсiндiру жұмысының негiзгi нысандарының бiрi ретiндегі дәрiстiк насихаттың рөлi әлсiреген. Осыған еңбегiне лайықты дәрежеде ақы төленуге тиiс бiлiктi дәрiскерлердi, құқық қорғау, сот органдарының барынша тәжiрибелi маман-практиктерiн белсендi түрде тарту қажет. Дәрiстiк насихат, құқықтық жұмыстың басқа да нысандары мен әдiстерi мәселелерiмен айналыса алатын ұйым құру туралы мәселенi шешетiн уақыт жеттi.
Көптеген елдi мекендерде, әcipece ауылдық аудандарда радио, телебағдарламаларына қол жетiмсiздiк, газеттер мен журналдардың жоқтығы да азаматтардың оң құқықтық ұстанымының қалыптаспауына ықпал етедi, бұл - халықтың мемлекеттiк органдарға деген сенiмiнiң жоғалуына әкеп соғады. Идеялық-адамгершілік мазмұны жағынан төмен ақпараттық материал жиi таратылуда.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын құқықтық сипаттағы көптеген материалдар дұрыс дайындалмайды, деңгейi төмен, бiржақты берiледi, тар ведомстволық мүдделердi көздейдi. Қазiргi кезде республикада құқықтық тақырыпқа маманданған бiрнеше апталық газет шығады - бұлар "Око", "Юридическая газета", "Правовой вестник", "Закон и правосудие" - орыс тiлiнде, "Заң газетi" - қазақ тiлiнде.
БАҚ-ғы материалдардың көпшiлiгi оларда келтiрiлген фактiлер бойынша тиiстi талдау мен қорытындыларды қамтымайды. Құқықтық түсiндiру, ескерту-алдын алу қызметiнiң тиiмдiлiгiне көрсетiлетiн төменгi сападағы фильмдер мен хабарлардағы фактiлер терiс ықпал етедi.
Сонымен бiрге республикада құқық қорғау органдарының қызметiн насихаттайтын, олардың оң бет-бейнесiн қалыптастыруға, заңға құрметпен қарау жағдайын жасауға ықпал ететiн толық метражды көркем, қысқа метражды деректi фильмдер жоқтығын айтуға мәжбүрмiз. Өкiнiшке орай, iстiң мұндай жағдайы, әсіресе жастар apaсында қоғамдық сананың қылмыстық сипат алуына әсер етедi.
Құқықтық мәдениеттi қалыптастыруда, құқықтық білімді таратуда барлық оқу орындарында жетiспеушілігi үнемi байқалатын түрлi әдебиеттер шығарудың үлкен мәнi бар. Республикада заң әдебиеттерін шығаратын мамандандырылған "Жетi жарғы", "Дәнекер" баспалары жұмыс iстейдi. 2003 жылы олар 30-ға жуық оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды, соның iшiнде қазақ тіліндегiлерi бар-жоғы 4-5 атау. Екi баспа да жеке меншiктiң жеке нысанында. Сондықтан осы әдебиеттердi шығаруға арналған мемлекеттiк тапсырыс бойынша бөлiнетiн қаражаттың көлемi жеткiлiксiз.
Оқу орындарының барлық түрлерiнде құқықтық пәндер бойынша бiлiктi педагогикалық кадрлар даярлауда шешiлмеген мәселе болып табылады. Жалпы бiлiм беретiн мектепте "Мемлекет және құқық негiздерi" пәнi аптасына 1 сағаттық жүктемемен тек 9-сыныпта жүргiзiледi. Жекелеген мектептерде аптасына бiр сағаттан "Демократия" пәнi 10 сыныпта, "Құқық мозайкасы", "Заң барлығы үшiн" пәндерi 5 сыныпта факультативтi түрде оқытылады. Халықаралық бiлiм беру жүйесi қорының (бұдан әрi- ХБЖҚ) көмегiмен және оның жобасы бойынша шамамен 500 мектепте 10-11 сыныптарда аптасына бip сағаттан "Азаматтану", "Азаматтануға кiрiспе" пәндерi оқытылады. Тәжiрибе көрсеткендей, көрсетiлген сағаттар көлемi жеткiлiксiз. Жалпы білiм беретiн мектепте құқық негiздерiн оқытуға өзiндiк "эксперименттiк" тәсiл белең алуда.
Орта кәсiптiк бiлiм беру мамандықтарының мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттарында "Заңнама және құқық негiздерi" немесе "Құқық негiздерi" пәндерiн 30-дан 42 сағатқа дейiн мiндеттi оқыту көзделген. Жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандарды даярлау "Құқық негiздерi" пәнiн 70 сағат көлемiнде оқытуды көздейдi. Бұл көлемдi жоғары оқу орындары құрамының есебiнен көбейтуге болады. Бұл жұмыс берушiлердiң, еңбек рыногының талаптарына және ғылыми мектептердiң бағыттарына қарай жаңа пәндер енгiзу құқығы сияқты жоғары оқу орындарының өздерiнiң құқығы. Кадрлар даярлаудың ерекшелiгiне байланысты кейбiр мамандықтардың мемлекеттiк стандарттары мемлекеттiк құрам шеңберiнде құқықтық пәндердi оқытуды көздейдi. Сондықтан да, әсiресе заңгерлiк емес жоғары оқу орындарында мамандар даярлау кезiнде құқықтық пәндер бойынша бағдарламалар мен әдiстемелiк құралдарды сапалы түрде жеткiлiктi мөлшерде шығаруды қамтамасыз ету қажет.
Азаматтардың мемлекеттiк шешiмдердi қабылдауға және олардың орындалуын бақылауға белсендi қатысуы да маңызды роль атқарады, бұл қабылданатын шешiмдердiң сапасына да, оларды iске асыру тиiмдiлiгiне де оң әсер етедi.
Қабылданатын заңдардың тиiстi сапасын қамтамасыз ету, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, халықты құқықтық тәрбиелеу, заңгерлерді, басқа да мемлекеттiк қызметшiлердi кәсiби оқыту мен тәрбиелеу уақытының қажеттiлiктерiне сәйкес келтiру Қазақстанда құқықтық нигилизмнiң алдын алу мен еңсеруге, оң құқықтық мәдениеттi, заңды жаппай құрметтеу жағдайын қалыптастыруға ықпал ететiн болады. Сонымен, жағдайды талдау құқықтық түсiндiру жұмыстарында, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудi ұйымдастыруда барлық нысандар мен әдiстердi, сондай-ақ барлық мемлекеттiк органдардың және жұртшылықтың қоғамда құқықтық мәдениеттi қалыптастыру жөнiндегі қызметiн пәрменді үйлестiрудi ұштастыру қажеттiгiн дәлелдейдi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн көтеру болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу мынадай мiндеттердi шешуге ықпал етедi:
Қазақстан заңнамасын түсiндiру, онда анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
жаңа тұрпаттағы мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық даярлығы деңгейiн арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау, құқықтық түсiндiру жұмысында дүниежүзiлiк "ИНТЕРНЕТ" желiсiн қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
құқықтық мәдениеттi, құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулердi жандандыру.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және
оны iске асыру тетiгi
Алға қойылған мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Бағдарламада құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, барлық үлгідегi оқу орындарында құқықтық оқытудың деңгейiн арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық бiлiмдерiн көтеру жолымен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн арттыруға бағытталған шаралар кешенi көзделген.
1. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру
Осы бағытта "Қазақстан-2030" стратегиясының , Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының , Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасының ережелерiн орындау; Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру; заңға тәуелдi кесiмдердiң уақытылы түсiндiрiлуiн қамтамасыз ету бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi қамтамасыз етуге баса назар аударылуы тиiс. Ақпараттық-насихаттау жұмысының түрлі нысандары мен әдiстерiн пайдалана отырып, республика өңiрлерiне шығуды тәжiрибеге енгiзу қажет.
Мемлекеттiң қылмыстық саясатын iзгiлендiру мәселелерi, осы саладағы заңнаманы жетiлдiру, Қазақстандағы өлiм жазасын кезең-кезеңмен жою мүмкiндiгi бойынша белсендi құқық түсiндiру жұмысын жүргiзу.
Орталық атқарушы органдардың, Бас прокуратураның (келiсiм бойынша), Жоғарғы Соттың (келiсiм бойынша), заң қызметтерiмен, баспасөз қызметтерiмен өзара байланысты жұмыс тәжiрибесiмен алмасуды жүзеге асыру. Министрлiктердегi және ведомстволардағы, құқық қорғау органдарындағы құқықтық жұмысты ұйымдастыру тәжiрибесiн зерделеу. Орталық атқарушы органдардың заң қызметтерi мамандарының оқушы жастармен, еңбек ұжымдарында заңнама ережелерiн түсiндiру бойынша кездесулер ұйымдастыруды тәжiрибеге енгiзу.
Мерзiмдi баспасөз басылымдарында, радио және телеарналарда өзектi маңызы бар, қолданыстағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын түсiндiретiн мемлекеттiң құқықтық саясатының түрлi аспектiлерi бойынша арнайы айдарлар ашу қажет.
Құқықтық түсiндiру процесiн жетiлдiру, өзектi құқықтық ақпаратты тарату және алу, оң тәжiрибемен алмасу мақсатында кейбiр мемлекеттiк органдарда Web-сайттардың жұмыс iстеуiн жетiлдiру қажет.
Республикалық радиода, орталық мемлекеттiк телеарналарда құқықтық тақырып бойынша телевизия бағдарламалары мен радиохабарларын, жарнамалық-бет-бейнелiк роликтер жасау.
Неғұрлым өзектi құқықтық мәселелер бойынша басшылар мен мамандардың БАҚ-та сөз сөйлеулерiн жеке жоспарлауды практикаға енгiзу.
Норма жасау қызметiнде барынша жиi қолданылатын терминдер мен сөз тiркестерiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi тiзбесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қамтамасыз ету.
Қалаларда және республиканың басқа да елдi мекендерiнде көрнекi ақпараттар жай-күйiнiң тiл туралы заңнамаға сәйкестiгiне талдау жүргiзу.
Мемлекеттiң құқықтық саясатының өзектi мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар өткiзудi қамтамасыз ету.
Құқықтық тақырып бойынша оқу-әдiстемелiк, ғылыми және басқа әдебиеттер шығару көлемiн ұлғайтуға баса назар аудару қажет.
2. Құқықтық оқыту мен тәрбиелеу
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушылар үшiн құқықтық ақпарат алудың орныққан нысандарын өзгерту, балаларды құқықтық тәрбиелеу әдiстемесiн жетiлдiру, қашықтан оқыту, тәжiрибе алмасу сияқты бiлiм берудiң жаңа нысандары мен түрлерiн кеңiнен пайдалану қажет.
Адамда және азаматта, әсiресе жас ұрпақта патриотизм, заңға құлықтылық, адамның ар-намысы сезiмiн, басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн құрметтеу сияқты қасиеттердi қалыптастыруға бағытталуы тиiс белсендi азаматтық және құқықтық бiлiм беруге деген объективтi қажеттiлiк туындады.
Республиканың қалалары мен аудандарындағы ұйымдардың, мекемелердiң базасында құқықтық бiлiм беру мектептерiн құру туралы мәселенi де қарау қажет.
Орта кәсiптiк және жоғары оқу орындарында құқықтық бiлiм алуда; мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына құқықтық бiлiм негiздерiн енгiзуде үздiксiздiк пен сабақтастықты қамтамасыз ету қажеттiлiгi туындады.
Құқықтық түсiндiру жұмысы байсалды теориялық базаға сүйенуi тиiс. Осыған байланысты құқықтық мәдениеттi, құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың өзектi проблемалары бойынша мақсатқа сай ғылыми зерттеулер жүргiзу, құқықтық оқыту проблемалары бойынша оқытушылардың республикалық және өңiрлiк конференцияларын, семинарларын өткiзудi ұйымдастыру, оқу орындарының құқық пәндерi (жекелеген жоспарлар бойынша) оқытушыларын жүйелi түрде қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру қажет. Мұндай амал құқықты әрбiр адамға және тұтастай алғанда қоғамға қажеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде қабылдау үшiн негiз жасауға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң заңнама саласындағы бiлiмiн жетiлдiру және оның құқықтық мәдениетi деңгейiн көтеру мақсатында орталық және жергілiктi мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерiн даярлау мен қайта даярлауға назар аудару қажет. Бұл ретте сабақтар өткiзу кезiнде заңгер ғалымдарды, саясаткерлердi, құқық қорғау, сот және өзге де органдардың неғұрлым тәжiрибелі практикалық қызметкерлерiн белсендi түрде тарту талап етiледi.
Нормативтiк құқықтық кесiмдерге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, орталық және жергілікті мемлекеттiк органдардың басшы кадрлары мен мамандарын аттестациядан өткiзу үшiн салалардың ерекшелiктерiне қарай құқықтық тақырыптың түрлi бағытттары бойынша сұрақтар тiзбесiн ұдайы жетiлдiру қажет.
Дәрiстiк насихаттың, құқықтық түсiндiру жұмыстарының басқа да нысандары мен әдiстерiнiң мәселелерiмен айналысатын ұйым құру жөнiндегi мәселенi де қарау қажет.
6. Қажеттi ресурстар және оларды
қаржыландыру көздерi
Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбие жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған iс-шараларға тұтастай алғанда республикалық бюджет қаражатынан 198 миллион теңге бөлу қажет.
Республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемi (млн. теңге) соның iшiнде жылдар бойынша:
2005 жыл - 65 млн. теңге;
2006 жыл - 66,5 млн. теңге;
2007 жыл - 66,5 млн. теңге.
7. Бағдарламаны iске асырудан
күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру тiзбесi олардың басымдықтарын негізге ала отырып әзiрленген нақты iс-шаралардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуы:
электронды БАҚ-та құқықтық тақырыпқа арналған хабарлар көлемiн арттыруға;
республикалық мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы құқықтық тақырып бойынша арнайы айдарлардың санын ұлғайтуға;
республикалық радиода және орталық мемлекеттiк телеарналарда құқықтық тақырып бойынша телевизиялық бағдарламалар мен радиохабарлардың санын арттыруға;
құқықтық тақырып бойынша оқу-әдiстемелiк, ғылыми және басқа да әдебиеттердi шығару көлемiн арттыруға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетi деңгейiн елеулi түрде көтеруге;
құқықтық тәртiп пен заңды құрметтеудiң нақты жағдайын орнатуға;
құқықтық түсiндiру жұмысын, азаматтарды құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеудi қамтамасыз етуде мемлекеттiк органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың күш-жiгерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi.
8. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi
қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен
тәрбиелеу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
__________________________________________________________________
Р/с| Іc-шаралар | Аяқталу |Орындауға |Орындау |Болжана-|Қаржы-
N | | нысаны |жауаптылар|мерзімі |тын шы- |лан-
| | | | |ғыстар |дыру
| | | | |(млн.тг)|көзі
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi
қалыптастыру
__________________________________________________________________
1 "Қазақстан-2030" Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, Шығын
Стратегиясының, Республи- министр- жарты талап
Қазақстан Рес- касының лiгi, ҚР жылдың етiл-
публикасы Прези- Үкіметі- Бас про- және мейдi
дентiнiң Қазақ- не ақпа- курату- жылдың
стан халқына рат расы, қорытын-
Жолдауының, ҚР Iшкi дысы
Қазақстан Рес- iстер бойынша
публикасы Үкiме- министр-
тiнiң 2003-2006 лiгi
жылдарға арнал-
ған бағдарлама-
сының негiзгi
қағидаларын
орындау, қоғам-
дық қатынастар-
дың аса маңызды
салаларында заң-
наманы жетiлдiру
жөнiнде тұрақты
түсіндіру жұмы-
сын жүргiзу.
Ақпараттық-наси-
хаттау жұмысының
түрлi нысандары
мен әдiстерiн
пайдалана оты-
рып, республика
өңiрлерiне
шығуды тәжiрибе-
ге енгiзу
2 Мемлекеттiң Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, Шығын
қылмыстық сая- Республи- министр- жарты талап
сатын iзгiлен- касының лiгi жылдың етiл-
дiру мәселелерi, Үкіметі- және мейдi
осы саладағы не ақпа- жылдың
заңнаманы же- рат қорытын-
тiлдiру, Қазақ- дысы
стандағы өлiм бойынша
жазасын кезең-
кезеңмен жою
мүмкiндiгi
бойынша белсен-
дi құқықтық
түсіндіру
жұмысын жүргізу
3 Орталық атқару- Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, Шығын
шы органдардың, Республи- министр- жарты талап
Бас прокурату- касының лiгi жылдың етiл-
раның (келiсiм Үкіметі- және мейдi
бойынша), Жо- не ақпа- жылдың
ғарғы Соттың рат қорытын-
(келiсiм бой- дысы
ынша) заң қыз- бойынша
меттерiмен,
баспасөз қыз-
меттерiмен,
өзара байланыс-
ты, жұмыс тәжi-
рибесiмен ал-
масуды жүзеге
асыру.
Министрлiктер-
дегі және ве-
домстволардағы,
құқық қорғау
органдарындағы
құқықтық жұмысты
ұйымдастыру
тәжiрибесiн
зерделеу.
Орталық атқарушы
органдардың
заң қызметтерi
мамандарының
оқушы жастармен,
еңбек ұжымда-
рында заңнама
ережелерiн тү-
сiндiру бойынша
кездесулер
ұйымдастыруды
тәжiрибеге
енгiзу
4 Web-сайттардың Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, Шығын
жұмыс iстеуiн, Республи- министр- жылдың талап
өзекті құқықтық касының лiгi, қорытын- етiл-
ақпараттарды Үкiметiне ҚР Жоғар- дысы мейдi
тарату және ақпарат ғы соты бойынша
алу, оң жұмыс (келiсiм
тәжiрибесiмен бойынша),
алмасу, норма- ҚР Бас
тивтiк құқықтық проқура-
кесiмдердiң турасы
мәтiндерiн ор- (келiсiм
наластыру жө- бойынша)
нiндегi жұмыс-
ты жетілдіру
5 Республикалық Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб-
мерзiмдi бас- Республи- министр- жылдың - 6,0; ликалық
пасөз басылым- касының лiгi, қорытын- 2006 ж. бюджет
дарында құқық- Үкiметiне ҚР Iшкi дысы - 6,0; қара-
тық тақырып ақпарат iстер бойынша 2007 ж. жаты
бойынша арнайы министр- - 6,0;
айдарлар ашу лiгi, ҚР Барлы-
Жоғарғы ғы:
соты 18,0
(келiсiм
бойынша)
6 Республикалық Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб-
радиода, орта- Республи- министр- жылдың - 8,0; ликалық
лық мемлекет- касының лiгi, қорытын- 2006 ж. бюджет
тiк телеарна- Үкiметiне ҚР Iшкi дысы - 8,0; қара-
ларда құқықтық ақпарат iстер бойынша 2007 ж. жаты
тақырып бойынша министр- - 8,0;
телевизия бағ- лiгi, Барлы-
дарламалары мен ҚР Жоғар- ғы:
радиохабарла- ғы соты 24,0
рын, жарнама- (келiсiм
лық-бет-бейне- бойынша)
лiк роликтер
жасау
7 Неғұрлым өзектi Қазақстан ҚР Әдiлет Тоқсан Шығын
құқықтық мәсе- Республи- министр- сайын талап
лелер бойынша касының лiгi, етiл-
басшылар мен Үкiметiне ҚР Iшкi мейдi
мамандардың ақпарат iстер
БАҚ-та сөз министр-
сөйлеулерiн лiгi, ҚР
жеке жоспарлау- Жоғарғы
ды практикаға соты
енгiзу (келiсiм
бойынша),
ҚР Бас
прокура-
турасы
(келiсiм
бойынша),
ҚР Бiлiм
және ғы-
лым мини-
стрлiгi,
ҚР Мәде-
ниет, ақ-
парат
және
спорт
министр-
лiгi
8 Норма жасау Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб-
қызметiнде ба- Республи- министр- жылдың - 2,5; ликалық
рынша жиi қол- касының лiгi қорытын- 2006 ж. бюджет
данылатын мемле- Үкiметiне дысы - 2,5; қара-
кеттiк және орыс ақпарат бойынша 2007 ж. жаты
тiлдерiндегi - 2,5;
терминдер мен Бар-
сөз тiркестерi- лығы:
нiң тiзбесiне 7,5
өзгерiстер мен
толықтырулар
енгiзу
9 Қалаларда және Қазақстан ҚР Мәде- Жыл сайын, 2005 ж. Респуб-
республиканың Республи- ниет, жылдың - 1,5; ликалық
басқа да елді касының ақпарат қорытын- 2006 ж. бюджет
мекендерiнде Үкiметiне және дысы - 3,0; қара-
көрнекi ақпа- ақпарат спорт бойынша 2007 ж. жаты
раттар жай-күй- министр- - 3,0;
iнiң тіл туралы лiгi Бар-
заңнамаға лығы:
сәйкестiгiне 7,5
талдау жүргізу
10 Мемлекеттің Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб-
құқықтық сая- Республи- министр- жылдың - 7,0; ликалық
сатының өзекті касының лiгi, қорытын- 2006 ж. бюджет
мәселелері Үкiметiне ҚР Iшкi дысы - 7,0; қара-
бойынша халы- ақпарат iстер бойынша 2007 ж. жаты
қаралық, рес- министр- - 7,0;
публикалық лiгi, ҚР Бар-
ғылыми-практи- Жоғарғы лығы:
калық конфе- соты 21,0
ренциялар өт- (келiсiм
кізу бойынша)
11 Құқықтық та- Оқу құ- ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб-
қырып бойын- ралдары, министр- жылдың - 5,0; ликалық
ша оқу-әдiс- әдісте- лiгi қорытын- 2006 ж. бюджет
темелiк, мелік дысы - 5,0; қара-
ғылыми және ұсыным- бойынша 2007 ж. жаты
басқа әдеби- дар, - 5,0;
еттерді шығару жинақтар Бар-
және т.б. лығы:
15,0
2. Құқықтық оқыту және тәрбиелеу
1 Республиканың Қазақстан ҚР Әдiлет 2005 жыл- Шығын
қалалары мен Республи- министр- ғы, талап
аудандарын- касының лiгi I тоқсан етiл-
дағы ұйымдар- Үкiметiне мейдi
дың, мекемелер- ақпарат
дің базасында
құқықтық бiлiм
беру мектепте-
рiн құру туралы
ұсыныстарды қарау
2 Орта кәсiптiк Қазақстан ҚР Білім 2005 жыл- Шығын
және жоғары оқу Республи- және ғы- ғы, талап
орындарында құ- касының лым мини- I тоқсан етiл-
қықтық бiлiм Үкiметiне стрлігі мейдi
алуда үздіксіз- ақпарат
дік пен сабақтас-
тықты қамтамасыз
ету.
Мамандарға қойы-
латын бiлiктiлiк
талаптарына құ-
қықтық бiлiм
негiздерiн
енгізу
3 Құқықтық мәде- Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб-
ниеттi, құқықтық Республи- министр- жылдың - 2,0; ликалық
оқыту мен тәр- касының лігі қорытын- 2006 ж. бюджет
биелеудi қалып- Үкіметіне дысы - 2,0; қара-
тастырудың ақпарат бойынша 2007 ж. жаты
өзектi пробле- - 2,0;
малары бойынша Бар-
ғылыми зерттеу- лығы:
лердi жүргiзу. 6,0
Мұғалiмдер
үшін құқықтық
оқыту проблема-
лары жөнiндегi
мұғалiмдердiң
республикалық
және өңiрлiк
конференция-
ларды, семинар-
ларды өткiзу
4 Ғалым-заңгерлер- Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб-
дi, саясаттану- Республи- министр- жылдың - 3,0; ликалық
шыларды, құқық касының лігі қорытын- 2006 ж. бюджет
қорғау, сот және Yкiметiне дысы - 3,0; қара-
өзге де орган- ақпарат бойынша 2007 ж. жаты
дардың - 3,0;
неғұрлым тәжi- Бар-
рибелi практи- лығы:
калық қызметкер- 9,0
лерiн тарта
отырып, құқық-
тық пәндердiң
оқытушыларын
қайта даярлау
және бiлiктiлi-
гiн арттыруды
жүргiзу (жеке-
леген жоспарлар
бойынша)
5 Дәрiстiк наси- Қазақстан ҚР Әдiлет 2005 жыл- Шығын
хатты, құқықтық Республи- министр- ғы, талап
түсiндiру жұмыс- касының лiгi І тоқсан етiл-
тарының басқа да Yкiметiне мейдi
нысандары және ақпарат
әдiстерiнiң мә-
селелерiмен
айналысатын
ұйымды құру
туралы мәселенi
қарау
6 Дәрiстiк наси- Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб-
хатты, құқықтық Республи- министр- жылдың - 30,0; ликалық
түсiндiру жұмы- касының лiгi қорытын- 2006 ж. бюджет
сының басқа да Үкiметiне дысы - 30,0; қара-
нысандары мен ақпарат бойынша 2007 ж. жаты
әдiстерiн - 30,0;
ұйымдастыру Бар-
лығы:
90,0
ЖИЫНЫ: Құқықтық түсіндіру 2005-2007 жылдар 198 млн. Рес-
жұмысы, құқықтық мәдениеттi теңге, пуб-
қалыптастыру, азаматтарды соның лика-
құқықтық оқыту мен тәрбие- iшінде: лық
леудiң 2005-2007 жылдарға 2005 жыл бюд-
арналған бағдарламасын -65 млн. жет
қамтамасыз етуге арналған теңге;
бюджеттiк қаражат көлемi 2006 жыл
-66,5
млн.
теңге;
2007 жыл
-66,5
млн.
теңге.
__________________________________________________________________