Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетiне аккредитивтер ашу және олардың қолданылу мерзiмдерiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1390 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетіне 029 "Ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн салу және қайта жаңарту", 031 "Гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту" және 105 "Республикалық инвестициялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзiрлеу және сараптау" республикалық бюджеттiк бағдарламалары бойынша қоса беріліп отырған тiзбеге сай жасалған шарттарға сәйкес аккредитивтер (бұдан әрі - аккредитивтер) ашу туралы;
      2) аккредитивтердiң қолданылу мерзімдерiн 2005 жылғы 15 наурызға дейін ұзарту туралы ұсынысымен келiсілсiн.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 20 желтоқсаннан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республика Үкiметiнiң  
2004 жылғы 27 желтоқсандағы    
N 1390 қаулысына        
қосымша              

  Су шаруашылығы объектілерi бойынша шарттар
ТІЗБЕСІ

      1. "Ақмола облысы Қорғалжын селосында су құбырларын тарату желілерiн қайта жаңарту" жобасы бойынша "АСТАНА АВТО СТРОЙ" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 25 наурыздағы N 147 шарт;
      2. "Ақмола облысы Жарқайың ауданының Ш.Уалиханов атындағы селосында су құбыры желілерін қайта жаңарту" жобасы бойынша "Стройтелекомсервис" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 7 шiлдедегi N 270 шарт;
      3. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Байғанин селосында су құбыры құрылыстарының кешенiн қайта жаңарту" жобасы бойынша "Мерей ХХI" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 11 шарт;
      4. "Шығыс Қазақстан облысы Приречное селосында және Гранитный кентінде жаңа бас тоған салу" жобасы бойынша "Триада II" ӨК-пен жасалған 2004 жылғы 13 сәуiрдегi N 183 шарт;
      5. "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Первомайский кентiнде бас тоған құрылыстары кешенiн қайта жаңарту" жобасы бойынша "ОMКO" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 29 наурыздағы N 157 шарт;
      6. "Жамбыл облысы Қордай ауданының Жаңа-Тұрмыс селосын сумен қамтамасыз ету" жобасы бойынша "Желдорстрой" ААҚ-пен жасалған 2004 жылғы 15 наурыздағы N 119 шарт;
      7. "Жамбыл облысы Т.Рысқұлов атындағы ауданның Құлан селосында бас тоған құрылыстары мен су құбыры желілері жобасы бойынша "Фирма Агрополив" ЖШС-мен 2004 жылғы 25 наурыздағы N 145 жасалған шарт;
      8. "Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би селосында бас тоған
құрылыстары мен жұмыс істеп тұрған су құбыры желілерін қайта жаңарту" жобасы бойынша "ПромХиммонтаж" ААҚ-пен жасалған 2004 жылғы 29 қазандағы N 352 шарт;
      9. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Жәнібек кентiнiң сумен жабдықтау объектілерi" жобасы бойынша "Аймақтық көлiк салу компаниясы" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 29 наурыздағы N 150 шарт;
      10. "Қарағанды облысы Жездi су қоймасынан Костен-Голсай сайына дейін су құбырын салу" жобасы бойынша "Корпорация Қазақмыс" ААҚ-пен жасалған 2004 жылғы 18 тамыздағы N 317 шарт;
      11. "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Лихачев топты су құбырын салу, (II кезегі)" жобасы бойынша "Кесертке" ҚК ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 5 ақпандағы N 18 шарт;
      12. "Қызылорда облысында Арал-Сарыбұлақ топты су құбырын салу (IV кезегi)" жобасы бойынша "РЗА" ЖАҚ-пен жасалған 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 12 шарт;
      13. "Қызылорда облысы Жиделі топты су құбырын салу,
(1 кезегi)" жобасы бойынша "Альянс" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 15 шарт;
      14. "Павлодар облысында елдi мекендердi сумен жабдықтау ұйымдары жергiлiктi жүйесiнiң ІІІ кезегі, Железинка ауданы, Михайловка селосы. Жұмыс істеп тұрған су құбыры желiлерiн қайта жаңарту" жобасы бойынша "АКСН және К" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 26 сәуiрдегi N 203 шарт;
      15. "Павлодар облысында елдi мекендердi сумен жабдықтау ұйымдарының жергiлiктi жүйесiнiң III кезегі, Железинка ауданы, Алакөл селосы. Жұмыс iстеп тұрған су құбыры желiлерiн қайта жаңарту" жобасы бойынша "АКСН және К" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 27 сәуiрдегi N 205 шарт;
      16. "Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудан орталығының Молбұлақ елді мекенi мен 2, 4, 6, 13, 16 мұхаббаларын сумен жабдықтау" жобасы бойынша "Желдорстрой" ААҚ-мен жасалған 2004 жылғы 15 наурыздағы N 118 шарт;
      17. "Оңтүстiк Қазақстан облысының Абай селосы мен Сары-ағаш ауданына жақын ауылдарды сумен жабдықтау" жобасы бойынша "АҚСУ" ААҚ-пен жасалған 2004 жылғы 27 қазандағы N 351 шарт;
      18. "Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Темiрлан селосының аудан орталығында су құбыры құрылысын салу және жұмыс істеп тұрған су құбыры желiлерін кеңейту" жобасы бойынша "САГАМ-строй" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 336 шарт;
      19. "Шалқар қаласында су құбыры желілерінің құрылысын қайта жаңарту және жөндеу" жобасы бойынша "Арнайы монтаж" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 12 наурыздағы N 37 шарт;
      20. "Қарағанды облысы Ұлытау кентiндегi Саламат-Ұлытау және желiлер су құбыры" жобасы бойынша "Уралстроймонтаж" ЖШС-мен жасалған 2003 жылғы 23 сәуiрдегi N 93 шарт;
      21. "Павлодар қаласы N 1, N 2, N 3 алаңының Ленин кентi сумен жабдықтау құрылысының жергілiктi жүйесін салу (ауылдық аумақ). Сумен жабдықтау пункттері" жобасы бойынша "Мембраналық технологиялар, СА" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 13 желтоқсандағы
N 375 шарт;
      22. "Павлодар қаласы Мойылды ауылы сумен жабдықтау құрылысының жергілiктi жүйесін салу (ауылдық аумақ) жобасы бойынша "Мембраналық технологиялар, СА" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 374 шарт;
      23. "Ақмола облысы Ақкөл аудан орталығында су құбыры желiлерiн қайта жаңарту" жобасы бойынша "АСТАНА ABTO СТРОЙ" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 25 наурыздағы N 148 шарт;
      24. "Шығыс Қазақстан облысы Белағаш топты су құбырын қайта жаңарту, (II кезегi)" жобасы бойынша "Промтехмонтаж" АБ ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 15 қазандағы N 350 шарт;
      25. "Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын жер асты көзiнен сумен жабдықтау" жобасы бойынша "Востокшахтострой" ААҚ-пен жасалған 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 14 шарт;
      26. "Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының су жинағы құрылыстарын және су құбыры желiлерін қайта жаңартудың бiрiншi кезегi" жобасы бойынша "ВостокСталь" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 26 сәуiрдегi N 202 шарт;
      27. "Камен топты су құбырының солтүстік бөлігін қайта жаңарту" жобасы бойынша "Коксохиммонтаж" AAҚ-пен жасалған 2004 жылғы 4 ақпандағы N 17 шарт;
      28. "Батыс Қазақстан облысының Орда топты су құбырын қайта жаңарту (І кезегi)" жобасы бойынша "Юг-Акво" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 29 наурыздағы N 153 шарт;
      29. "Батыс Қазақстан облысының Орда топты су құбырын қайта жаңарту (II кезегі)" жобасы бойынша "Юг-Акво" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 29 наурыздағы N 152 шарт;
      30. "Солтүстiк Қазақстан облысында Соколов топты су құбырын қайта жаңарту (II кезегi)" жобасы бойынша "Есiл-Су" РМК-мен жасалған 2004 жылғы 13 мамырдағы N 209 шарт;
      31. "Солтүстiк Қазақстан облысында Көкшетау өнеркәсiптiк су құбырын қайта жаңарту" жобасы бойынша "Есіл-Су" РМК-мен жасалған 2004 жылғы 4 тамыздағы N 284 шарт;
      32. "Оңтүстiк Қазақстан облысында Кентау-Түркiстан топты су құбыры" жобасы бойынша "КAPO" өндiрiстiк-құрылыс тобы ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 16 шарт;
      33. "Оңтүстiк Қазақстан облысы Қызылқұм массивін игерудiң III және IY кезектері" жобасы бойынша "Южказводпроект" ААҚ-пен жасалған 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 373 шарт;
      34. "Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное кентіндегі Шаған ағысында тереңдету жұмыстары. Құшұм кентiнде басты шлюз-реттегiштi және тастағыш құрылыстарды, Круглоозерное кентiнде бөгенсiз су жинауды қайта жаңарту" жобасы бойынша "Уральскводстрой" ААҚ-пен жасалған 2004 жылғы 29 маусымдағы N 256 шарт;
      35. "Қ. Сатпаев атындағы каналда NN 7 (3-шi агрегат), 11 (1), 12 (3), 15 (4), 18 (3), 19 (1), 22 (3) насосты станциялар негiзгі технологиялық қондырғыларын қайта жаңарту" жобасы бойынша "Гидромаш" ЖАҚ-пен жасалған 2004 жылғы 18 қарашадағы N 367 шарт;
      36. "Қ. Сатпаев атындағы каналдың байланыс жүйесiн модернизациялау" жобасы бойынша "ADVANTEK SYSTEMS" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 18 тамыздағы N 318 шарт.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады