Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiне аккредитивтердi ашу және олардың қолданылу мерзiмдерiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1392 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне 004 "Кедендiк бақылау және кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн салу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген:
      Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiне 2004 жылғы 27 ақпандағы N 13 шартқа сәйкес;
      Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментiне 2004 жылғы 5 ақпандағы N 20 шартқа сәйкес;
      Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігінің Қостанай облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментiне 2004 жылғы 5 мамырдағы N 105 шартқа сәйкес;
      Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігінің Алматы қаласы бойынша Кедендiк бақылау департаментiне 2004 жылғы 8 маусымдағы N 70 шартқа сәйкес шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту әрi аккредитивтердi ашу және олардың қолданылу мерзiмдерiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi белгіленген тәртiппен аккредитивтердi ашсын және ұзартсын.

      3. Осы қаулы 2004 жылғы 20 желтоқсаннан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады