Астана қаласы жергiлiктi атқарушы органының аккредитивтерiн ашу және олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1396 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының:
      1) 005 "Мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне тұрғын үй салуға және сатып алуда үлестік қатысуға Астана қаласының бюджетiне берiлетiн мақсатты трансферттер"; 026 "Тұрғын үй салу үшiн жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеуге Астана қаласының бюджетiне берiлетiн мақсатты трансферттер"; 028 "Коммуналдық шаруашылығын дамыту үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер"; 029 "Қалалар мен елдi мекендердi көркейтудi дамытуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер"; 014 "Мәдениет объектiлерiн дамытуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер"; 028 "Көлiк инфрақұрылымын дамытуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер"; 024 "Жылу-энергетика жүйесiн дамыту үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламаларының қаражаты есебiнен Астана қаласының жергiлiктi атқарушы органы iске асыратын инвестициялық жобалар бойынша жасалған шарттар (тiзбесi қоса берiлiп отыр) бойынша аккредитивтер (бұдан әрi - аккредитивтер) ашу туралы;
      2) аккредитивтердiң қолданылу мерзiмiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 20 желтоқсаннан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады