Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
міндетін атқарушы
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс пен
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
13-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
төртiншi абзацта:
"өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi" деген сөздердiң алдынан "әуe көлiгiн қоспағанда, барлық көлiк түрлерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
"әуе," деген сөз алынып тасталсын;
бесiншi абзацта:
"билеттiң толық құнының" деген сөздердiң алдынан "әуе көлiгiн қоспағанда, барлық көлiк түрлерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац "Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы" деген сөздердiң алдынан "әуе көлiгін қоспағанда, барлық көлiк түрлерiнде," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi және сегізiншi абзацтармен толықтырылсын:
"- өзiмен бiрге 2 жасқа дейiнгi бiр баланы әуе көлiгiнде, оған жеке орын беру құқығынсыз тегiн алып жүруге;
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде халықаралық тасымалдардан басқа, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, әуе көлiгінде 2-ден 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға.".
2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті