Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1416 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2004 жылғы 25 тамызда Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрік Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы
Өтеусiз әскери көмек туралы
келiсiм

(2005 жылғы 3 ақпанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
      бұрынғы уақыттан берi орын алып келе жатқан достық өзара қарым-қатынасты нығайтуға ниет білдіре отырып,
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1993 жылғы 23 ақпандағы әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 8 тамыздағы әскери ғылым, техника мен бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы  келісімді ескере отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Түрiк Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1 050 000 000 000 (бiр триллион елу миллиард) АҚШ долларына баламалы түрiк лирi сомасында өтеусiз әскери көмек береді.
      Өтеусiз әскери көмектi бepу 2004 жылдан басталады.

2-бап

      1 050 000 000 000 (бiр триллион елу миллиард) АҚШ долларына баламалы түрiк лирi сомасындағы өтеусіз әскери көмек Түрік Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық көмек және қызмет көрсетулер түрiнде берiлетiн болады.

3-бап

      1 050 000 000 000 (бiр триллион елу миллиард) АҚШ долларына баламалы түрік лирі сомасындағы өтеусіз әскери көмек осы Келiсiмге сәйкес екі елдiң құзыреттi органдарымен жасалатын атқару хаттамаға сәйкес iске асырылатын болады.

4-бап

      Қазақстан тарапы Түрiк тарапының алдын ала келiсiмiн алмай Түрiк тарапынан алынған материалдар мен қызметтердi немесе оларды пайдалану құқығын үшiншi тарапқа бермеуге келiстi.

5-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм өз әрекетiн осы Келiсiмнiң 3-бабында көрсетiлген Атқару хаттамаға сәйкес ұсынылған материалдық көмек және қызметтердi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне толық берген сәтiнен бастап тоқтатады.
      Осы Келiсiм Тараптардың мынадай құзыреттi органдарымен iске асырылатын болады:
      қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі;
      түрiк тарапынан - Түрiк Республикасының Бас штабы.
      Осы Келiсiмдi iске асырған кезде туындайтын кез келген келiспеушiлiктер келiссөздер және консультациялар жолымен шешiлетiн болады.
      2004 жылғы 25 тамыз Анкара қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндерiнiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегі мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының           Түрiк Республикасының
         Үкiметi үшiн                         Үкiметi үшiн

      Қолы:                             Қолы:
      Тегi:                             Тегi:
      Әскерi шенi: генерал-майор        Әскерi шенi: бригадалық 
      Лауазымы: Қазақстан               генералы
      Республикасының Түрiк             Лауазымы: Түрiк
      Республикасындағы Елшілігі        Республикасының
      жанындағы әскери атташесы         Бас штабы қорғаныс жоспары
                                        және ресурстарды басқару
                                        департамент бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады