Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Республикалық бюджет комиссиясының:
1) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiне 011 "Білім және ғылым объектiлерiн салу және қайта жаңғырту" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша "СУС" ЖАҚ-пен жасалған 2004 жылғы 15 сәуiрдегi N 540 шарт, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы оған қосымша келiсiм бойынша және "ҚазТрансҚұрылысСервис" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 28 ақпандағы шарт, 2004 жылғы 19 желтоқсандағы оған қосымша келiсiм бойынша; 105 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерiн әзiрлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша "Ақ Таң" экономикалық және маркетингтiк зерттеулер орталығы" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1202 шарт, 2004 жылғы 19 желтоқсандағы оған қосымша келiсiм бойынша, "Интерқұрылыс+" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 1197 және 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 1227 шарттар, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы оларға қосымша келiсiмдер бойынша аккредитивтер (бұдан әрi - аккредитивтер) ашу туралы;
2) аккредитивтердiң қолданылу мерзiмдерiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен аккредитивтер ашсын және оларды ұзартсын.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы