Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуiрдегi N 470 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1432 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiнiң кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуiрдегi N 470  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату және астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесiнде:
      12-тармақтың 3) тармақшасының бесiншi абзацындағы "оның мүлкі" деген сөздерден кейiн "үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақтың 3) тармақшасының екiншi абзацындағы "меншiк құқығын және" деген сөздерден кейiн "үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың қатарына енгiзілген кезде қор қатысушының қаржылық жай-күйiн, қатысушының мүлкiне кепiл ауыртпалықтарының болуын, қатысушының паспорттық сыйымдылығын және астық қоймасының нақты жүктелу көлемiн, қатысушының астық қоймасында сақталатын астық иелерiнiң құрылымын, сондай-ақ қорға берілетiн кепiлдiк қамтамасыз етудiң болуын және сипаттамаларын ескере отырып анықталатын квота белгілейдi.".

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады