Қызылорда облыстық энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар басқармасына аккредитив ашу және оның қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1434 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының Қызылорда oблыстық энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар басқармасына республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы инвестициялық трансферттер есебiнен iске асырылатын инвестициялық жоба бойынша "Сыр Қуаты" акционерлiк қоғамымен жасалған 2004 жылғы 20 ақпандағы N 4/1-04 шарт және 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 3 оған қосымша келiсiм бойынша аккредитив (бұдан әрi - аккредитив) ашу және оның қолданылу мерзiмiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен аккредитив ашсын және оны ұзартсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады