Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Республикалық бюджет комиссиясының:
1) республикалық бюджеттен берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер есебiнен iске асырылатын инвестициялық жобалар бойынша "Қожа-Ахмет ҚК" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгімен жасалған 2004 жылғы 15 наурыздағы N 5/65 және 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 3 қосымша келiсiм бойынша, "Темiрәлi" жауапкершiлігі шектеулі серiктестігінің Шымкент филиалымен жасалған 2004 жылғы 15 наурыздағы N 2/67 шарттар мен 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 3 қосымша келiсiм бойынша Оңтүстiк Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаментіне аккредитивтер ашу туралы;
2) аккредитивтердiң қолдану мерзiмдерiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы