Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Республикалық бюджет комиссиясының Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 2004 жылғы 30 қыркүйектегi N 46 шарт бойынша "Дайана-М" жауапкершiлігі шектеулi серiктестігінiң тiрi мал және ауыл шаруашылығы өнiмiн сату жөнiндегi рынокқа бұрынғы астық қырманының бастырмаларын қайта жаңарту жөнiндегі жұмыстарға ақы төлеуге 005 "Қоршаған ортаны қорғау объектiлерiн қалпына келтiру" бюджеттiк бағдарламасы 006 "Гранттарды iшкi көздердiң есебiнен iске асыру" кiшi бағдарламасы бойынша аккредитив ашу және оның қолданылу мерзiмiн 2005 жылғы 10 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi белгiленген тәртiппен аккредитив ашсын және оның қолданылу мерзiмiн ұзартсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы