"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану ережесi;
2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттердiң сомасын бөлу бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн бекітiлген нысаналы ағымдағы трансферттердiң сомасын аударуды қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) нысаналы ағымдағы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн;
2) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне бөлiнген нысаналы ағымдағы трансферттердiң пайдаланылуы туралы есепті ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1451 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын
материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi
деңгейде берілетiн нысаналы ағымдағы
трансферттердi пайдалану ережесi
Осы Ереже 041 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде бөлiнетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
1. Бөлiнетiн нысаналы ағымдағы трансферттердiң есебiнен сатып алынатын жабдықтың номенклатурасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлейдi.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жабдықты мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстық рәсiмдердi ұйымдастырады.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде есеп бередi.
Қазақстан Республикасының
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1451 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан
орталықтарын материалдық-техникалық
жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде
нысаналы ағымдағы трансферттер
сомасын бөлу
___________________________________________________________________
Атауы | Сома, мың теңгемен
___________________________________________________________________
Жиынтығы 200000,0
Ақмола облысы 10100,0
Ақтөбе облысы 10840,0
Алматы облысы 9070,0
Атырау облысы 10640,0
Батыс Қазақстан облысы 10934,0
Жамбыл облысы 9050,0
Қарағанды облысы 12500,0
Қостанай облысы 49250,0
Қызылорда облысы 10928,0
Маңғыстау облысы 8140,0
Оңтүстiк Қазақстан облысы 10750,0
Павлодар облысы 7800,0
Солтүстiк Қазақстан облысы 9660,0
Шығыс Қазақстан облысы 9180,0
Астана қаласы 11658,0
Алматы қаласы 9500,0
___________________________________________________________________