Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы көмек төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және пайдалану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1468 Қаулысы

      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1173  қаулысымен  бекiтiлген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына бiржолғы көмек (бұдан әрі - бiржолғы көмек) төлеуге 1109618,0 (бiр миллиард бiр жүз тоғыз миллион алты жүз он сегiз) мың теңге сомасында көзделген қаражат облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.

      2. Қоса берiлiп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы көмек төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi жергiлiктi атқарушы органдардың пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi 2005 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде бiржолғы көмек төлеудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi нысаналы трансферттердiң пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

                                         Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                      2004 жылғы 31 желтоқсандағы
                                              N 1468 қаулысына
                                                  қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.02. N 807  қаулысымен .

              Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
            мүгедектерiне біржолғы көмек төлеуге
       берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу
___________________________________________________________________
Р/с|Облыстардың атауы | соғысқа | сомасы, |комиссиялық|сомасы,
 N |                  | қатысу- |   мың   |  сыйақы,  |мың теңге
   |                  | шылар-  |  теңге  |  мың теңге|
   |                  | дың саны|         |           |
___________________________________________________________________
1   Ақмола               2052     61560      548        62108
2   Ақтөбе               1475     44250      349        44644
3   Алматы               3106     93180      829        94009
4   Атырау                700     21000      187        21187
5   Шығыс Қазақстан      5012    150360     1338       151698
6   Жамбыл               3087     62610      557        63167
7   Батыс Қазақстан      1710     51300      457        51757
8   Қарағанды            2937     88110      784        88894
9   Қостанай             2672     80160      713        80873
10  Қызылорда             854     25620      228        25848
11  Маңғыстау             404     12120      108        12228
12  Павлодар             2033     60990      543        61533
13  Солтүстік Қазақстан  2225     66750      594        67344
14  Оңтүстік Қазақстан   3482    104460      930       105390
15  Астана қаласы         885     26550      236        26786
16  Алматы қаласы        5027    150810     1342       152152
    Барлығы             36661   1099830     9788      1109618
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2004 жылғы 31 желтоқсандағы 
N 1468 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерiне біржолғы көмек төлеуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi
жергілiктi атқарушы органдардың пайдалану
ережесi

      Осы Ереже 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне (бұдан әрi - соғысқа қатысушылар) бiржолғы көмек төлеуге көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi - жергілiкті атқарушы органдар) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі (бұдан әрi - Министрлiк) төлеуге берiлетiн шот негiзiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ұсынған деректемелер бойынша 2005 жылғы 15 сәуiрге дейiнгi мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша бекiтiлген ағымдағы нысаналы трансферттердiң жалпы сомасын бөлуге сәйкес және 018 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы көмек төлеу үшін берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасын қаржыландырудың белгiленген тәртiппен бекiтілген жоспарына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға соғысқа қатысушыларға бiржолғы көмек төлеуге арналған қаражатты аударады.
      2. Жергілiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруды жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттiк заңнамаға сәйкес жүргізедi.
      3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының филиалдары (бұдан әрi - Орталықтың филиалдары) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне 2005 жылғы 1 сәуiрге дейiнгі мерзiмде 2005 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Орталықтан әлеуметтiк төлемдер алатын соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн, 2005 жылғы 15 желтоқсанға дейiн - жаңадан келген соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн қалалар мен аудандар бөлiнiсiнде қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз жеткiзгiшпен бередi.
      4. Қорғаныс, Iшкi iстер министрлiктерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Республикалық ұлан (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне 2005 жылғы 1 сәуiрге дейiнгі мерзiмде 2005 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша көрсетiлген органдарда есепте тұрған соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн, 2005 жылғы 15 желтоқсанға дейiн - жаңадан келген соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн қалалар мен аудандар бөлiнiсiнде қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз жеткiзгiшпен жiбередi.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi:
      бiржолғы көмек төлеу үшін соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн 3, 4-тармақтарда көрсетiлген органдар ұсынған тiзiмдердi ескере отырып, жасайды;
      жасалған тiзiмдер негiзiнде бiржолғы көмек төлеудi соғысқа қатысушылардың әрқайсысына 30000 теңге мөлшерiнде, банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ олардың "Қазпочта" акционерлік қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есепке алу үшiн ашылған жеке шоттарына қаражат аудару жолымен 2005 жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде, 2005 жылғы 30 сәуiрден кейiн жаңадан келген, бұрынғы тұрған жерi бойынша бұрын бiржолғы көмек алмаған соғысқа қатысушыларға - 2005 жылғы 20 желтоқсанға дейiн жүзеге асырады.
      6. Банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдарға, "Қазпочта" акционерлiк қоғамының органдарына бiржолғы көмек төлеу жөнiндегі қызметтерге ақы төлеу көрсетілген ұйымдар мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында заңнамада белгіленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзіледi.
      7. Жергiлiктi атқарушы органдар соғысқа қатысушыларға бiржолғы көмек төлеу туралы Министрлiктi 2005 жылғы 2 мамырға дейiнгi мерзiмде, 2005 жылғы 25 желтоқсанға дейiн - жаңадан келген, бұрын тұрған жерi бойынша бiржолғы көмек алмаған соғысқа қатысушыларға бiржолғы көмек төлеу туралы хабардар етедi.

                               Ұлы Отан соғысының қатысушылары
                               мен мүгедектерiне бiржолғы көмек
                              төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы
                               трансферттердi жергiлiктi атқарушы
                              органдардың пайдалану ережесiне
                                           қосымша

                  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
                 мүгедектерi iшiнен бiржолғы көмек
                      алушылардың тiзiмдерi
__________________________________________________________________
P/c |    Ұлы Отан   | Туған | Тұратын | Жеке  |Әлеуметтiк төлемдердi
 N  |   соғысының   | күні  |  жерi   |немесе |  жүзеге асыратын
    | қатысушылары  |       |         |карт-  | банктiң (филиалдың)
    |     мен       |       |         |шотының| және басқа ұйымның
    |мүгедектерiнiң |       |         |  N    |      атауы
    |    Т.А.Ә.     |       |         |       |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      M.O.____________________________
           (Басшының Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады