Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығын қараңыз.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1469 қаулысымен
бекiтiлген
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.14 № 566 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудің тәртібін айқындайды.
2. Жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне:
1) аң аулауға;
2) теңіз сүт қоректілері мен судағы омыртқасыз жануарларды аулауды қоса алғанда, балық аулауға;
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсатында пайдалануға беріледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.01.2013 № 34 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Рұқсаттар бекiтiлген лимиттерге сәйкес және белгiленген алып қою квоталары шегiнде мыналарды:
1) бұрын жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн бағалау жүргiзiлмеген су айдындарында жануарларды ғылыми-зерттемелiк аулауды;
2) балықтың қырылу шаралары ретiнде жүзеге асырылатын балықты мелиорациялық аулауды;
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) жануарлар түрлерінің санын реттеуді қоспағанда беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Рұқсаттар жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемдер енгізу шарттарына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жануарларды алып қоюдың белгіленген көлеміне (мөлшеріне) беріледі.
5. Осы Ереженің мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган деп Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган); балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство деп Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті; заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде мекендейтіндерді қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - ведомстволар) түсініледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды осы Ережеге 1, 1-1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша:
1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) және оның аумақтық бөлімшелері;
2) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде мекендейтіндерді қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері) береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі
7. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын алуға рұқсатты Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, сондай-ақ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу, аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту, ғылыми зерттеулер және селекциялау үшін береді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жануарларды (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мекендейтін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға рұқсаттар береді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Балық ресурстарын жене өзге де су жануарларынан басқа жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттарды аңшылық шаруашылығы субъектілеріне Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері олардың жануарларды алудың бекітілген квотасы шегінде береді. Аңшылық алқаптардың резервтік қорында аңшылық жүргізуге арналған рұқсаттарды беруді Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жүзеге асырады.
10. Балық ресурстары және өзге су жануарларын пайдалану бөлігіндегі жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері береді.
11. Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерiн алып қоюға рұқсаттар осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жануарлар санын реттеу тәртiбiне сәйкес берiледi.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
12. Рұқсаттар алуға мүдделі адамдар әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулаудан басқа, жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты тиісті ведомствоға немесе оның аумақтық бөлімшесіне «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы электрондық нысанда немесе қағаз түрінде өтінім береді.
Өтінімде:
1) өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін реквизиттер, жеке тұлғалар үшін паспорт деректері, шетелдіктер үшін қосымша - келу және кету күндерін, келу мақсатын, қозғалыс бағытын, уақытша тұратын мекен-жайын көрсете отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзімі);
2) жануарлар дүниесін пайдалану түрі;
3) алу мақсаты;
4) мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны;
5) жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда);
6) алу мерзімдері;
7) алу болжамдалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;
8) алу тәсілдері (аулау, ұстау, ату, жинау, соғу);
9) ұстау, аулау қаруларының, жүзгіш құралдардың тізбесі көрсетіледі.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
13. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлегені туралы төлем құжаты;
3) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысушы адамдардың тізімі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
14. Жануарлар дүниесін пайдаланудың түріне байланысты осы ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) аң аулауға (алғашқы өтінім кезінде):
аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған келісім-шарттың көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдік адамдардың қатысуымен жүргізілетін болса - аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған келісімшарттың және аң аулау құқығын куәландыратын, тұратын елінде берілген құжаттың көшірмесі, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаты;
2) кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы өтінім кезінде):
балық шаруашылығын жүргізуге келісім-шарттың көшірмесі (жағалауда аулауды жүзеге асыру үшін);
балық аулауға келісім-шарттың көшірмесі;
3) ғылыми-зерттемелік аулауға:
бейіндейтін ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспарының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасының көшірмесі мен оларды салыстыруға арналған түпнұсқасы немесе осы құжаттардың түпнұсқасын салыстыруға ұсынбаған жағдайда нотариалды қуәландырылған көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін материалдар;
ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған келісім-шарттың көшірмесі;
4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5) бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;
6) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатындағы аулауды қоспағанда, биологиялық негіздеме;
7) эксперименталды аулау жүргізуге:
биологиялық негіздеме жене ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
8) жануарларды ғылыми мақсаттарға пайдалануға (алғашқы өтінім кезінде):
бейіндейтін ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспары үзіндісінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламаларының көшірмелері мен салыстыру үшін түпнұсқалары немесе осы түпнұсқасы ұсынбаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың көшірмесі;
9) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеменің көшірмелері).
Портал арқылы жүгінген кезде Ереженің 13 және 14-тармақтарында көрсетілген құжаттар өтінімнің электрондық нысанына электрондық көшірмелер түрінде қоса тіркеледі.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
15. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды қарап, өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсаттар беруді жүргізеді немесе жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
Белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат немесе дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері берілген өтінімге сәйкес бір жұмыс күн ішінде рұқсат береді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
16. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін қоспағанда, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір балықшы бір шыққанда бес килограммнан астам балық алып шығатын әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсатты бекітілген лимиттерге сәйкес және алу квоталары шегінде жүгіну күні Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері портал арқылы электрондық не қағаз нысанында береді.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы туралы төлем құжатын береді.
Порталда әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтінімнің электрондық нысанын және жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы туралы төлем құжатының электрондық көшірмесін жібереді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16-1. Бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шығатын балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Ескерту. Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16-2. Бақылау үшін аулауды Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Рұқсатта:
1) рұқсатты берген ведомствоның аумақтық бөлімшесінің атауы;
2) заңды тұлғаның атауы жене оның басшысының тегі, аты, әкесінін аты немесе рұқсат берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
3) жануарлар дүниесін пайдаланудың түрі;
4) алу мақсаты;
5) алуға рұқсат етілген жануарлар дүниесінің түрі, саны (биомассасы);
6) жыныс-жас құрамы (қажет жағдайда);
7) алудың мерзімдері;
8) алудың әдістері (аулау, ұстау, ату, жинау және тағы басқа);
9) алу болжалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;
10) жануарлар дүниесін алу тәсілдері мен құралы, пайдаланылатын жүзу құралдары;
11) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысушы адамдардың саны;
12) аңшы куәлігінің берілген уақыты және нөмірі (тек қана аң аулау мақсатындағы рұқсат үшін);
13) төлемнің төленгенін растайтын құжатқа сүйене отырып, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлемдердің сомалары көрсетіледі.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18. Рұқсаттар өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа адамға рұқсатты есепке алу журналына қол қою арқылы беріледі.
19. Рұқсатты басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге жол берілмейді.
Егер балық аулауға шарт ережесі бойынша балық аулау су тоғандардың және (немесе) учаскелердің сондай-ақ бірнеше кемемен, бригадамен немесе звеномен жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат және ауланған балықты тіркеу журналы әрбір учаскеге, кемеге, бригада немесе звеноға беріледі.
20. Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдалануға арналған рұқсаттар маркалар нысанында болуы мүмкін. Маркада: жануардың бейнесі мен атауы, бір басқа төленетін ставка көрсетіледі. Рұқсаттар маркалар нысанында болуы мүмкін аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
21. Рұқсаттарды беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтер толық емес болса;
2) өтінімде көрсетілген мәліметтер жалған болса;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы немесе ол болмаса.
Өтінімнің және құжаттардың толық болмау немесе дұрыс ресімделмеу фактілері орын алған жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері екі жұмыс күні ішінде одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтінім және құжаттар жалпы негізде қаралады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
22. Рұқсат беру "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды есепке алу мен тіркеу" туралы арнайы журналда тіркеледі.
Аумақтық бөлімшелер жыл бойы берілген рұқсаттар туралы жиынтық мәліметті тиісті ведомствоға береді.
23. Өтінім, рұқсат беру журналының нысаны сонымен бірге олардың есептілігі мен санағы, уәкілетті органмен бекітіледі.
24. Аң аулау және балық аулау объектілеріне жататын жануарлар түрлерін пайдалануға арналған рұқсаттардың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
25. Пайдаланушы рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін отыз күн ішінде оны пайдалану нәтижелері туралы рұқсат берген органға есеп береді.
26. Ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешімдеріне немесе осы Ережеде белгіленген мерзімде рұқсаттар берілмегеніне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға және (немесе)
сотқа шағымдануға болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру ережесіне
1-қосымша
Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.29 № 286 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
_____________________________________________________________________
(облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық
инспекциясының атауы)
Нөмірі: __________ Берілген күні: ________
Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбие және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға арналған РҰҚСAТ Берілді: _________________________________________________________ Aлу тәсілдері: ___________________________________________________ Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________________________________ Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _________________________________________ Aлу мерзімі: ___________ бастап, ___________ _____________ дейін. Aлу тәсілі:______________________________________________________ Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі: _______________ Бақылау: _______________________________________________ жүктеледі. Уәкілетті адам: ___________________________________________________ |
---|
Ескертпе: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласындағы уәкілетті органның бланкісінде
Aлдыңғы беті
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
Aңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы |
____________________ |
____________________ |
__________________ |
Жабайы жануарлар аулауға |
Жабайы жануарлар аулауға |
Жабайы жануарлар аулауға |
Рұқсаттың сыртқы беті
РҰҚСAТ ТAЛОНЫН пайдалану туралы белгі |
РҰҚСAТТЫҢ |
||||
Жануарлар |
Саны |
Олжаланғаны барлығы, |
Aңшының қолы |
||
аталықтар |
ұрғашылар |
төлі |
|||
Aң аулауды бақылаған аңшылық |
A-4 форматтағы рұқсат баспаханалық тәсілмен, қорғаныш дәрежелерімен жасалады.
Бланкінің әрбір бөлігіне баспаханалық тәсілмен нөмірлер қойылады.
Түсі - ашық-көк.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру ережесіне
1-1-қосымша
Ескерту. Ереже 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_____________________________________________________________________
(облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық
инспекциясының атауы)
Нөмірі:__________ Берілген күні: ________
Жануарлардың өсімін молайту мақсаттарында пайдалануға РҰҚСAТ Жануарларды пайдалану мақсаты: ____________________________________ Берілді: __________________________________________________________ Aлу тәсілі: _______________________________________________________ Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: ________________________________________________ Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ______________________ Aлу мерзімі: _____________________________ бастап, ________________________ ____________________дейін. Рұқсат беруді пайдалану туралы есептің берілу мерзімі: ___________ Бақылау: ______________________________________________ жүктеледі. Уәкілетті адам: ___________________________________________________ |
---|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру ережесіне
2-қосымша
Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.29 № 286 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті
_____________________________________________________________________
(аумақтық бөлімше)
Нөмір:__________ Берілген күні: ________
Жануарлар дүниесін пайдалануға РҰҚСAТ Берілді: _________________________________________________________ Пайдалану түрі: ___________________________________________________ Aлып қою мақсаты: _________________________________________________ Су қоймасының атауы: ______________________________________________ Aлып тастау тәсілі: _______________________________________________ Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________ Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны:
Aлу мерзімі ________________ бастап, _______________________ дейін Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ___________ Aлу құралдары:
|
---|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру ережесіне
3-қосымша
Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.29 № 286 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.
Марка нысаны
Марканың жоғарғы бөлігі
Марканың төменгі бөлігі
Түбірек Дарақтар саны Жануар атауы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның атауы |
Ескертпе: Марка қорғаныш қабатымен баспаханалық тәсілмен жасалады, марканың сипаттамасы мемлекеттік тілде.
Жануарлар дүниесiн пайдалануға
рұқсат беру ережесiне
4-қосымша
Ескерту. Ереже 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Алдыңғы бетi
Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерiн алып қоюға
№____РҰҚСАТ
Берiлдi (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты-жөнi) |
||
Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар (тегi, аты-жөнi) |
||
Рұқсат пайдаланылатын учаскенiң аумағы мен шекарасы |
||
Жануарлар түрлерінің санын реттеу әдістері |
||
Р/с |
Жануарлар түрлерi |
Жануарлар дүниесі объектілерінің саны |
Алу мерзiмi______жылғы «__»_______ бастап |
||
Рұқсатты пайдалану туралы есеп беру мерзiмi |
______жылғы «__»______ |
|
Бақылау (тиісті ведомствоның аумақтық бөлiмшесiне атауы) жүктеледi |
Басшы________________________________________________________
(рұқсатты берген орган басшысының тегi, аты-жөнi, қолы)
Рұқсаттың артқы бетi
«Тiркелдi»
______________________________________________________________
(тиісті ведомствоның аумақтық бөлiмшесiнiң атауы)
Бастық_______________________________________
(тегi, аты-жөнi)
Қолы_____________
М.О.
Ескертпе: Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің бланкiсiнде.