"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 187 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Рұқсаттар бекiтiлген лимиттерге сәйкес және белгiленген алып қою квоталары шегiнде мыналарды:
      1) бұрын жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн бағалау жүргiзiлмеген су айдындарында жануарларды ғылыми-зерттемелiк аулауды;
      2) балықтың қырылу шаралары ретiнде жүзеге асырылатын балықты мелиорациялық аулауды;
      3) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн жануарларды алмай және жоймай пайдалануды;
      4) жануарлар түрлерінің санын реттеуді қоспағанда беріледі.»;
      56 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Ереженің мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініледі, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті түсініледі, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті түсініледі (бұдан әрі – ведомстволар).
      6. Осы Ереженің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатты:
      балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) және оның аумақтық бөлімшелері;
      балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері) береді.
      7. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын алуға рұқсатты Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, сондай-ақ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ғылыми және өзге де мақсаттарда шығару үшін береді.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерiн алып қоюға рұқсаттар осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жануарлар санын реттеу тәртiбiне сәйкес берiледi.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды қарап, өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсаттар беруді жүргізеді немесе жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
      Белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат немесе дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері берілген өтінімге сәйкес бір жұмыс күн ішінде рұқсат береді.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Рұқсаттарды беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) өтінімде көрсетілген мәліметтер толық емес болса;
      2) өтінімде көрсетілген мәліметтер жалған болса;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы немесе ол болмаса.
      Өтінімнің және құжаттардың толық болмау немесе дұрыс ресімделмеу фактілері орын алған жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері екі жұмыс күні ішінде одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтінім және құжаттар жалпы негізде қаралады.»;
      көрсетілген Ережеге қосымшалардың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді, орыс тілдегі мәтінге өзгерістер енгізіледі;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2012 жылғы 1 ақпандағы  
№ 187 қаулысына     
қосымша          

Жануарлар дүниесiн пайдалануға
рұқсат беру ережесiне   
4-қосымша        

Алдыңғы бетi

Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерiн алып қоюға
№____РҰҚСАТ

Берiлдi (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты-жөнi)


Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар (тегi, аты-жөнi)


Рұқсат пайдаланылатын учаскенiң аумағы мен шекарасы


Жануарлар түрлерінің санын реттеу әдістері


Р/с

Жануарлар түрлерi

Жануарлар дүниесі объектілерінің саны







Алу мерзiмi______жылғы «__»_______ бастап
______ жылғы «___»______________ аралығы

Рұқсатты пайдалану туралы есеп беру мерзiмi

______жылғы «__»______

Бақылау (тиісті ведомствоның аумақтық бөлiмшесiне атауы) жүктеледi



      Басшы________________________________________________________
            (рұқсатты берген орган басшысының тегi, аты-жөнi, қолы)

Рұқсаттың артқы бетi

«Тiркелдi»

      ______________________________________________________________
                 (тиісті ведомствоның аумақтық бөлiмшесiнiң атауы)
      Бастық_______________________________________
                         (тегi, аты-жөнi)
      Қолы_____________

                        М.О.

Ескертпе: Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің бланкiсiнде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады