Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 652 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3250

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң төрағасы Е.Н. Нысанбаевқа және Балық шаруашылығы комитетiнiң төрағасы Ю.Т. Ромашовқа жүктелсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.26 № 200 Бұйрығымен.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.

      Министр

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Білім және Ғылым министрі
      9 қараша 2004 жыл

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық комитетiнiң
2004 жылғы 10 қарашадағы  
N 652 бұйрығымен бекiтiлген

Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген
жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық,
тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде
зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдаланудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.

      2. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалануды жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жалпы пайдалану тәртiбiмен жануарларды ғылыми,
мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық
мақсаттарға пайдалану

      4. Жалпы пайдалану тәртiбiмен жануарларды ғылыми, мәдени- ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға пайдалану тiршiлiк ету ортасынан жануарлар дүниесi объектiлерiн алмай тегiн негiзде жүзеге асырылады және қандайда бiр рұқсат берудi талап етпейдi.

      5. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн жалпы пайдалану мынадай:
      1) көзбен шолып байқау;
      2) сурет және бейне түсiру, аудио жазба;
      3) жануарлардың суретiн салу жолымен жүзеге асырылады.

3. Арнайы пайдалану тәртiбiмен сирек кездесетiн
және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа
жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық,
тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға,
оның iшiнде зоологиялық коллекциялар
жасау үшiн пайдалану

      6. Арнайы пайдалану тәртiбiмен сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) беретiн рұқсатқа сәйкес тiршiлiк ету ортасынан жануарлар дүниесi объектiлерiн алумен ақылы негiзде жүзеге асырылады.
      Төлемдер жануарларды ен салу және сырға тағу мақсаттары үшiн ұстап, кейiннен оларды табиғат ортасына жiберу кезiнде алынбайды.

      7. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану мынадай:
      1) жануарларды ұстау, ату және олжалау;
      2) жануарлардың тiршiлiк әрекетiне азық жинау жолымен жүзеге асырылады.

4. Жануарлар дүниесі объектiлерiнiң жекелеген
түрлерiн пайдалану ерекшелiктерi

      8. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми мақсаттарға пайдалану жануарлар дүниесi объектiлерiн бiлу, олардың таралуы мен саны үшiн жүргiзiледi.

      9. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға пайдалану азаматтардың экологиялық сауаттылығын жоғарлату, жануарларды ұқыпты қарауға тәрбиелеу, халықтың рухани қажеттiлiгiн және демалысын қанағаттандыру үшiн жүргiзiледi.

5. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi
төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми,
мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және
эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде
зоологиялық коллекциялар
жасау yшiн пайдалану кезiндегi талаптар

      10. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану кезiнде:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
      2) жануарлар дүниесiнiң тiршiлiк ету ортасының нашарлауына жол бермеу;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн және аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің iшкi тәртiп ережелерiн сақтау;
      4) халық пен қоршаған орта үшiн қауiпсiз, жануарлармен табиғи қауымдастық тұтастығын бұзуға және оларға дөрекi қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен жануарлар дүниесiн пайдалану қажет.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.26 № 200 Бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады