Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы N 197д қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
      көрсетiлген қаулыға  124-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағанның I бөлiмiнде:
      "6", "1 700 000" деген сандар тиiсiнше "7", "1 868 964" деген сандармен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы 1215-1232 км автожолын күрделi жөндеу;" деген сөздерден кейiн "Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы автожолы бойынша 1382 км Павлодар қаласындағы Ертiс өзенi арқылы өтетiн көпiрдi күрделi жөндеу;" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-бағанның II бөлiмiнде "4 700 000" деген сандар "4 531 036" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер" деген 7-тармақта:
      "6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады