Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 тамыздағы N 197м Қаулысы

       "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі және "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 122-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары." деген 6-тармақ кестесінде:
      реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Аэроғарыш комитетінің 7 (жеті) қызметкерін Астана қаласына көшіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған шығыстарға ақы төлеу: өтемақылық төлемдер; көліктік қызметтерге ақы төлеу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады