Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 қарашадағы N 197ш Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулыға  4-қосымшада :
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Парламентiн ұстау, палаталар төрағаларының басқаруындағы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң делегацияларын әуе көлiгімен қамтамасыз ету, заң жобаларын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының депутаттары бастамашылық жасаған заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгізу, заң шығармашылығы қызметi саласында зерттеулер жүргізу, мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру, Сенат пен Мәжiлiстiң жаңа ғимараттарын және қызметтiк тұрғын үйлердi жиһазбен, тұрмыстық техникамен және өзге де интерьер элементтерiмен жарақтандыру. Техникалық және моральдық жағынан ескiрген компьютерлiк техниканы жаңарту, қазіргi заманғы ақпараттық технологиялар (бағдарламалық-ақпараттық, бағдарламалық өнiмдер) сатып алу негiзiнде Парламенттiң ақпараттық-есептеу желiсiн қорғау, жоғарыда көрсетiлген ақпарат түрлерi бойынша ақпараттық ресурстар қорын жасау үшiн ақпараттық қызметтер мен жабдықтар сатып алу.
      БАҚ-та Парламент қызметiн көрсету үшiн өткiзiлетiн iс-шараларды фото және бейне түсiрудi қамтамасыз ету.
      Палаталар төрағаларының Президентпен бейне конференция байланысын қамтамасыз ету.
      Парламенттiң жергілiктi есептеу желiсiн қайта жаңарту.
      "Парламент хабаршысы" брошюраларын шығару бағасын төмендету және полиграфиялық қызметтерге арналған шығыстарды азайту мақсатында Парламенттiң мамандандырылған баспаханасын құру.";
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      реттiк нөмiрi 4-жолдың екiншi, үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "120 жұмсақ жиһаз жиынтығын, 120 ұйықтайтын бөлмеге арналған жиһаз жиынтығын, 120 телевизор, 120 шаңсорғыш, 120 қысқа толқынды пеш, 120 тоңазытқыш, 120 кір жуатын машина сатып алу";
      Сенат пен Мәжілiстiң жаңадан салынған ғимараттарын жарақтандыру:
      Мыналарды сатып алу: 4 жұмыс үстелi, 4 мәжілiске арналған үстел, 275 журнал үстелi, 368 кресло, 50 шкаф, 22 жиынтық жұмсақ демалыс бұрыштамасы, 800 орындық, 81 Президент портретi, Қазақстан Республикасының 2 Елтаңбасы, 214 үстел үстiне қойылатын шырағдан, перделерге арналған 14000 метр мата, перделерге арналған 2100 метр карниз, ту тұғыры бар 11 жалау, 117 кілем, 1430 метр кілем төсенiшi, 222 жазуға арналған жинақ, 102 сағат, 98 сейф, 430 тумба, 93 тоңазытқыш, 174 айна, 346 ыдыс-аяқ жиынтығы, 6740 шаршы метр күнқалқалар, 8 мiнбе, келушiлерге арналған 110 диван.
      Фотозертхана жабдығы - фотосурет шығаратын жабдық пен суретке түсiретiн аксессуарларымен бiрге жарық беретiн жабдықтың 1 жиынтығы.
      Аксессуарларымен бiрге телестудия жабдығының 1 жиынтығын сатып алу.
      Парламент палаталары төрағаларының Қазақстан Республикасының Президентiмен бейне конференция байланысы жабдығының 2 жиынтығын сатып алу.
      Толық түрлі-түсті басылатын брошюраларды шығару үшiн баспахана жабдығын сатып алу: 4 бiрлiк полиграфияға арналған процессор блогы, 3 монитор, 1 слайд-сканер, 1 кәсіптік CDD сканері, 1 цифрлы фотокамера, принтер - 3 бiрлiк, монтаждау үстелi - 1 бiрлiк, шығыс материалдары жиынтығымен бiрге фотожинақ аппараты - 1 бiрлiк, шығыс материалдары жиынтығымен бiрге айқындағыш машина - 1 бiрлiк, бақылау-өлшеу жабдығы - 1 бiрлiк, шығыс материалдары жиынтығымен бiрге қалып жабдығы (көшiру жақтауы) - 1 бiрлiк, шығыс материалдары жиынтығымен бiрге баспа қалыптарын айқындағыш автомат - 1 бiрлiк, офсеттiк баспа машинасы - 3 бiрлiк, жиынтығымен бiрге көшiру машинасы - 2 бiрлiк, қағаз кесетiн машина - 2 бiрлiк, кесетiн прес - 1 бiрлiк, парақ жинайтын қондырғы - 2 бiрлiк, шығыс материалдары жиынтығымен бiрге сыммен тiгетiн жабдық - 1 бiрлiк, шығыс материалдары жиынтығымен бiрге қапсырма тiгетiн жабдық - 1 бiрлiк, желiммен бекiтетiн жабдық - 1 бiрлiк, шығыс материалдары жиынтығымен бiрге бүктеу машинасы - 1 бiрлiк, шығыс материалдары жиынтығымен бiрге жоғары жылдамдықты ламинатор - 1 бiрлiк, тесу-бүгу жабдығы - 1 бiрлiк, нөмiрлеушi - 1 бiрлiк.
      Мәжiлiс ғимаратының жергiлiктi есептеу желiсi үшiн белсендi жабдықты сатып алу: 2 жиынтықты орталық коммутатор; 22 жиынтықты  қабаттық коммутатор; 1 жиынтық желiлiк белсендi жабдыққа арналған бағдарламалық қамтамасыз ету.";

      2) көрсетiлген қаулыға  5-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағанның в) тармақшасы ", "Электоратпен байланыс" қосалқы жүйесiн сынақтан өткiзу үшiн 1 компьютер сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады