Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 каулыларына өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 684-1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобы бойынша:
      226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" әкімшісі бойынша:
      016 "Денсаулық сақтау объектілерiн салу және қайта жаңарту" бағдарламасында:
      "Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң 240 төсекке арналған Балалар денсаулығы ғылыми
орталығын салу                                              47000
      Астана қаласында 350 төсек ауысымда әйелдер консультациясы
бар 250 орынға арналған перинаталдық орталығын салу        700000"
деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астана қаласында 500 төсектiк Ана мен бала республикалық
ғылыми орталығының құрылысын салуға                        747000";
      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  235-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағанда "Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң 240 төсектік Балалар денсаулығы ғылыми орталығы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу және мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамадан өткiзу; заңнамада белгіленген тәртiппен бекiтілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында әйелдер консультациясы бар бiр ауысымда 250 адам қабылдайтын 350 төсектiк перинаталдық орталықтың, Сот медицинасы орталығы Павлодар филиалының мәйiтхана ғимаратын" деген сөздер "заңнамада белгіленген тәртiппен бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында 500 төсектiк Ана мен бала республикалық ғылыми орталығы, Сот медицинасы орталығы Павлодар филиалының мәйiтхана ғимараты жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу, оны мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткiзу және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: мемлекеттік ведомстводан тыс жобалық сараптамадан өткен және заңнамада белгiленген тәртіппен бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттама, бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында 500 төсектік Ана мен бала республикалық ғылыми орталығының құрылысы жөнiндегі жұмыстардың көлемi; Сот медицинасы орталығының Павлодар филиалы мәйiтханасының ғимаратын пайдалануға бepу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады