"Премьер-Медеу" үй кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Игілік" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 690-1 қаулысы

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 0000045 мемлекеттік кепілдігін орындау жолымен банкрот деп танылған "Премьер Медеу" қонақ үй кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған "Игілік" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың шегінде мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады