Маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы N 863а қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес төрелiк немесе сот iс қарауының перспективалығын алдын ала бағалау және "New Investment Horizons" швейцариялық қормен ықтимал төрелiк немесе сот iс қарауында мемлекеттің мүдделерiн одан әрi қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "McGuire Woods Kazakhstan" компаниясы маңызды стратегиялық мәнi бар заң қызметтерiн көрсетушi болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген компаниямен заң қызметтерiн көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес заң қызметтерiн көрсетудi мемлекеттік сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметінің резервiнен "McGuire Woods Kazakhstan" компаниясының заң қызметтерiн көрсетуiне ақы төлеу үшiн 20000000 (жиырма миллион) теңге бөлiнсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады