Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қаңтардағы N 6 Қаулысы

       Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:
      Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:

      Есімов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Ахметжан Смағұлұлы       Министрінің орынбасары, төраға

      Досжан                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
      Ардақ Дүкенбайұлы        ақпарат және спорт вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Әйтімова Бірғаным Сарықызы, Рябченко Олег Григорьевич шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады