"Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қаңтардағы N 21 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығын орындау үшiн және мемлекеттiң ұтымды көлiк желiсiн қалыптастыру және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу туралы "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамының ұсынысына келiсiм берілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу жобасын iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Қоса берілiп отырған "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу жобасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары бекiтілсiн.

      4. Орталық атқарушы органдар мен ведомстволар, сондай-ақ өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) және ұйымдар (келiсiм бойынша) осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметінің
                                          2005 жылғы 18 қаңтардағы
                                               N 21 қаулысымен
                                                   бекiтілген

       "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн
         іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Аяқтау
нысаны

Орындау
үшiн
жауап-
тылар*

Аяқтау
мерзiм-
дерi

1

2

3

4

5

1

Концессионер компанияның
жарғылық капиталын құру
мен құрылымдау және акцио-
нерлердi тарту жөнiндегi
iс-шараларды жүзеге асыру

Қазақстан
Республи-
касының
Yкiметіне
ақпарат

"ҚИҚ" АҚ
(келiсiм
бойынша),
ӘдМ, ҚНРА
(келiсiм
бойынша)

2005
жылғы
қаңтар

2

"Шap станциясы - Өскемен"
темiр жол желiсiн салу
жобасының техникалық-
экономикалық негiздемесiн
әзiрлеудi, қайта сараптау
мен қайта бекiтудi
ұйымдастыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкiметiне
есеп

"ҚИҚ" АҚ
(келiсiм
бойынша),
концес-
сионер
компания,
ККM

2005
жылғы
наурыз

3

"Шар станциясы - Өскемен"
темiр жол желiсiн салу
мен пайдалануға арналған
концессиялық келiсiм
жасасу туралы" Қазақстан
Республикасының Үкiметi
қаулысының жобасын әзiрлеу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкiметi
қаулысының
жобасы

ККM, ӘдМ,
"ҚИҚ" АҚ
(келiсiм
бойынша),
концес-
сионер
компания

2005
жылғы
сәуiр

4

Құқықтық базаны қалыптас-
тыру бойынша инфрақұрылым-
дық жобаларды және концес-
сиялық шарттарды iске
асыру бөлігінде ұсыныстар
енгiзу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкiметiне
ақпарат

"ҚИҚ" АҚ
(келiсiм
бойынша),
ККМ

2005
жылғы
ақпан

5

Концессиялық шарт негі-
зінде жұмыс істейтін ин-
фрақұрылымды пайдаланғаны
үшiн инвестициялық тариф
туралы ереженi әзiрлеу

Ведомст-
волық
норма-
тивтік
құқықтық
кесiмнiң
жобасы

ККМ,
"ҚИҚ" АҚ
(келiсiм
бойынша)

2005
жылғы
наурыз

6

Облигацияларды шығару және
бiрiншi кезекте жинақтаушы
зейнетақы қорларының
арасында, сондай-ақ өзге
де институционалдық
инвесторлар арасында
орналастыру жөнiндегi
жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкiметiне
ақпарат

ҚНРА
(келісім
бойынша),
"ҚИҚ" АҚ
(келісім
бойынша),
концес-
сионер
компания

2005
жылғы
мамыр

7

Зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқару
жөнiндегi қызметті жүзеге
асыру ережесiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу

Ведомст-
волық
норма-
тивтік
құқықтық
кесiмнiң
жобасы

ҚНРА
(келісім
бойынша),
"ҚИҚ" АҚ
(келісім
бойынша)
 

2005
жылғы
мамыр

8

Зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқару
жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциялық
нормативтер ережесіне
ережесiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу

Ведомст-
волық
норма-
тивтік
құқықтық
кесiмнiң
жобасы

ҚНРА
(келісім
бойынша),
"ҚИҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2005
жылғы
мамыр

9

"ҚҚБ" ЖАҚ листингтік
ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

Ведомст-
волық
норма-
тивтік
құқықтық
кесiмнiң
жобасы

ҚНРА
(келісім
бойынша),
"ҚҚБ" ЖАҚ
(келісім
бойынша),
"ҚИҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2005
жылғы
мамыр

10

"Шар станциясы - Өскемен"
темiр жол желiсiн салу
бойынша мердiгерлiк
ұйымдарды анықтауға
арналған конкурсты
ұйымдастыру және өткiзу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкiметiне
ақпарат

Концес-
сионер
компания

2005
жылғы
мамыр

11

"Шар станциясы - Өскемен"
темiр жол желiсi
құрылысының басталуы

Қазақстан
Республи-
касының
Үкiметiне
есеп

Концес-
сионер
компания

2005
жылғы
маусым

      * Шартты белгiлер мен қысқартулар:

"ҚИҚ" АҚ  - Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы
ӘдМ       - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
ККM       - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
            министрлiгi
ҚНРА      - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
            ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
"ҚҚБ" ЖАҚ - "Қазақстанның қор биржасы" жабық акционерлiк
            қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады