Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi (бұдан әрi - Агенттік) мен оның аумақтық органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, статистикалық деректердiң сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң ақпараттық-статистикалық орталықтары - мемлекеттiк мекемелерi оларды Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң аумақтық органдарына қосу жолымен, соңғыларына ақпарат жинау жөнiндегi функцияларды бере отырып, қайта ұйымдастырылсын.
2. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегі қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 18 қаңтардағы
N 24 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қайта
ұйымдастырылатын мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi
1. Ақмола облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
2. Ақтөбе облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
3. Алматы облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
4. Атырау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
5. Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
6. Жамбыл облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
7. Батыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
8. Қарағанды облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
9. Қызылорда облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
10. Қостанай облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
11. Маңғыстау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
12. Павлодар облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
13. Солтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
14. Оңтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
15 Астана қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы
16. Алматы қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы