Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетi мен Корей Республикасы Аудит және инспекция басқармасы арасындағы Ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы N 30 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетi мен Корей Республикасы Аудит және инспекция басқармасы арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба  

Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң
атқарылуын бақылайтын есеп комитетi мен
Корей Республикасы Аудит және инспекция басқармасы
арасындағы Ынтымақтастық туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетi мен Корей Республикасы Аудит және инспекция басқармасы,
      Жоғары қаржылық бақылау органдары халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      өзара құрмет, сенiм, тең құқықтық пен өзара тиiмдi ынтымақтастық қағидаттарын негiзге ала отырып,
      мемлекеттiк қаржылық бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруға өзара ұмтылуды бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар өз құзыретiнiң шеңберінде мынадай негiзгi бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:
      а) мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асырудың әдiснамасы мен тәртiбi саласында тәжiрибе алмасу;
      б) кадрларды кәсіби оқыту және олардың білiктiлiгiн арттыру саласында өзара iс-қимыл жасау;
      в) бiрлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар және жұмыс бабындағы кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
      г) мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыру мәселелерiне жататын ұлттық заңнамалық кесiмдер, кәсiби ақпарат және әдiстемелер алмасу.
      Тараптар өз құзыретiнiң шегiнде өзара қызығушылық танытатын басқа бағыттардағы ынтымақтастықты дамытады.

  2-бап

      Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң шеңберiнде ақпараттар мен материалдар алмасу кезiнде халықаралық ақпарат алмасуға қатысуды, мемлекеттiк құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғауды реттейтiн өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын басшылыққа алады.
      Бiрлескен зерттеулер жүргiзу кезiнде Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын басшылыққа алады.

  3-бап

      Тараптардың әрқайсысы, егер ақпаратты ұсынып отырған Тарап оны таратуды дұрыс деп таппаған жағдайда, алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.

4-бап

      Тараптар мемлекеттік қаржылық бақылауды, өз қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығы мен бiлiктiлігін көтерудi жүзеге асыру мен жетiлдiру саласында тәжiрибе алмасу мақсатында өзара делегациялар жiберудi практикаға енгiзедi.

  5-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде iс-шараларды өткiзу жөнiндегi шығыстарды Тараптардың әрқайсысы өз есебiнен дербес жүзеге асырады.

  6-бап

      Қажет болған жағдайда Тараптар осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша бiр-бiрiне консультациялар берiп отырады.

  7-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн. Барлық өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігін құрайды және жеке хаттамалармен ресiмделетiн болады.

  8-бап

      Осы Келiсiм олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер жолымен шешетiн болады.

  10-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi, белгiсiз мерзiмге жасалады және Тараптардың бiреуi екiншi Тараптан оның қолдануын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.

      2005 жылғы 19 қаңтарда Алматы қаласында әрқайсысы қазақ, корей, орыс және ағылшын тiлдерiнде, екi түпнұсқалық данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасы               Корей Республикасы Аудит
      Республикалық бюджеттiң              және инспекция басқармасы
      атқарылуын бақылайтын есеп           үшін
       комитетi үшiн

      Омархан Нұртайұлы Өксiкбаев          ДЖОН Юн Чхоль

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады