Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 513 қаулысына өзгеріс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 62 Қаулысы

      Жоғары оқу орындарында магистрлер даярлауға бөлiнген мақсатты қаражат көлемiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Республикалық бюджеттен қаражат алатын білiм беру ұйымдарында кәсiптiк орта бiлiмдi, кәсiптiк жоғары бiлiмдi және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білiмдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білiм беру тапсырыстарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N 513  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 20, 261-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген кәсіптік жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында: 
      "Магистратураға қабылдау" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

Коды

Мамандықтар тобының атауы

Мемлекеттіктапсырыс

Оқу жылы iшiнде
1 магистрантты
оқытуға жұмсалатын
орташа шығыстар
(мың теңгe)

1

2

3

4

  

Барлығы

2526

  

6N0100

Білім

474

119,5

6N0200

Гуманитарлық ғылымдар

333

119,5

6N0300

Құқық

122

119,5

6N0400

Өнер

49

134,8

6N0500

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

513

119,5

6N0600

Жаратылыстану ғылымдары

502

118,9

6N0700

Техникалық ғылымдар және технологиялар

455

121,3

6N0800

Ауыл шаруашылығы ғылымдары

44

121,9

6N0900

Қызметтер

20

121,3

6N1200

Ветеринария

14

121,9

ІІМ-нің академиясы

6N0303

Құқық қорғау қызметі

25

352

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады