Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 68 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
      Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет 15 қаңтарға және 10 шiлдеге Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет 30 қаңтарға және 25 шілдеге Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                         Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметінің
                                        2004 жылғы 27 қаңтардағы
                                              N 68 қаулысымен
                                                 бекітілген

             Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен
             қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған
                           БАҒДАРЛАМАСЫ

                    Бағдарламаның паспорты

Атауы                    Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен
                         қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған
                         бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме   Қазақстан Республикасы Yкiметінің
                         2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысымен
                         бекiтiлген Қазақстан Республикасы
                         Үкiметiнің 2003-2006 жылдарға арналған
                         бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
                         іс-шаралар жоспарының 6.3.1.тармағы,
                         Қазақстан Республикасы Үкiметінің
                         2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241  қаулысымен
                         бекiтiлген Қазақстан Республикасында
                         әлеуметтік реформаларды одан әрі
                         тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған
                         бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
                         іс-шаралар жоспарының 5.1.1.тармағы

Әзірлеуші-мемлекеттік    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
орган                    әлеуметтiк қорғау министрлiгі

Мақсаты                  Өнiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету,
                         жұмыссыздық деңгейiн төмендету

Міндеттері               Халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуiн
                         ынталандыратын шараларды жүзеге асыру;
                         нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға
                         жәрдемдесу;
                         халықты жұмыспен қамту саясатын ақпараттық
                         қолдау;
                         жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк
                         құқықтық базаны жетілдiру

Қаржыландыру көлемi      Бағдарламаны қаржыландыру жергiлiктi
және көздері             бюджеттердiң 10861,2 млн. теңге
                         көлемiндегi қаражаты есебiнен жүзеге
                         асырылатын болады, оның iшiнде:
                         2005 жылы - 3251,5 млн. теңге;
                         2006 жылы - 3282,5 млн. теңге;
                         2007 жылы - 4327,2 млн. теңге.

Бағдарламаны iске          Бағдарламаны iске асыру:
асырудан күтілетін         902,1 мың жұмыс орнын, оның iшiнде:
нәтиже                   2005 ж. - 705,0 мың, 2006 ж. - 158,8 мың,
                         2007 ж. - 38,3 мың жұмыс орнын құру;
                           460,4 мың адамды жұмысқа орналастыруға
                         жәрдемдесу, оның iшiнде: 2005 жылы - 184,7
                         мың, 2006 жылы - 137,4 мың, 2007 жылы -
                         138,4 мың;
                           347,2 мың адам үшiн қоғамдық жұмыстарды
                         ұйымдастыру, оның iшiнде: 2005 жылы -
                         123,6 мың, 2006 жылы - 111,6 мың, 2007
                         жылы - 112,0 мың;
                            73,0 мың жұмыссызды кәсiптiк оқуға және
                         қайта даярлауға жiберу, оның iшiнде: 2005
                         жылы - 25,3 мың, 2006 жылы - 23,9 мың,
                         2007 жылы - 23,8 мың;
                            нысаналы топтар үшiн 22,7 мың
                         әлеуметтiк жұмыс орындарын құру, оның
                         iшiнде: 2005 жылы - 5,4 мың, 2006 жылы -
                         8,4 мың, 2007 жылы - 8,9 мың;
                            ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер үшiн
                         клубтық жұмыс ұйымдарын қаржыландыруға
                         14,0 млн. теңге жiберу, оның iшiнде: 2005
                         жылы - 1,0 млн. теңге, 2006 жылы - 4,1
                         млн. теңге, 2007 жылы - 8,9 млн. теңге;
                            бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн
                         жастар практикасы арқылы жұмысқа
                         орналастыруды қаржыландыруға 182,3 млн.
                         теңге жiберу, оның iшiнде: 2005 жылы -
                         43,6 млн. теңге, 2006 жылы - 59,8 млн.
                         теңге, 2007 жылы - 78,9 млн. теңге;
                            2007 жылдың аяғына қарай жұмыссыздық
                         деңгейiн 7,2 пайызға дейiн төмендету
                         есебiнен еңбек рыногындағы шиеленiсті
                         төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Iске асыру мерзiмi       2005 - 2007 жылдар
      Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.12.   N  540 қаулысымен.

  Кiрiспе

      Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптiк өндiрiстiң инновациялық дамуының, аграрлық саланың жоғары білікті кадрларға қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды сектордағы халықтың жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс орындары санының теңгерiмдiлігі, ұлттық еңбек рыногын қорғау жолымен өнiмдi жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында әзiрлендi.
      Бағдарлама республикада соңғы жылдары қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалды, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтудың өңiрлiк бағдарламаларында көзделген жұмыссыздықты азайту жөніндегі шараларды ескередi.
      Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне ықпалдасуға бағдарланғанын назарға ала отырып, Бағдарлама 2003 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы мақұлдаған Жаһандық жұмыспен қамту бағдарламасында және 2002 жылғы Еуразиялық жұмыспен қамту хартиясында қамтылған тәсiлдердi ескере отырып әзiрлендi.
      Бағдарлама 2005-2007 жылдардағы кезеңде шешiлетiн мiндеттердiң тiзбесiн айқындайды, бұл мiндеттердi шешу тетіктерi мен одан күтiлетiн нәтижелердi қамтиды.
      Бағдарлама экономика саласындағы жаңа жұмыс орындарының құрылуы арқылы өнiмдi жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге және кәсiпкерлiк қызметті және өзiн-өзi жұмыспен қамтуды, жұмыс күшiнің сапасын арттыруды қолдауға және рыноктағы бәсекелестiк қабiлеттiң өсуiне, нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнiндегi шараларға бағытталған еңбек рыногындағы белсендi саясатты жүзеге асыруға ықпал ететiн болады.
      Бағдарламаны әзiрлеу үшiн "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы , Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарлары негіз болып табылады.

  1-бөлiм. Еңбек рыногының қазiргі жай-күйiн талдау

      Соңғы жылдары еңбек рыногындағы жағдай жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiмен және жұмыспен қамтылған халық санының артуымен сипатталады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігiнiң алдын ала деректерi бойынша республика экономикасында 2004 жылы 7,2 млн. адам жұмыспен қамтылған, бұл осының алдындағы жылғыдан 180,7 мың адамға немесе 2,6% артық.
      Жұмыспен қамтылғандар арасында 62,2% (4,5 млн. адам) - жалданбалы қызметкерлер, 37,8% (2,7 млн. адам) - өзін өзі жұмыспен қамтылғандар.
      Жұмыссыз халықтың саны 657,4 мың адамды құрады, бұл 2003 жылға қарағанда 14,7 мың адамға немесе 2,2%-ға кем.
      Жұмыссыздық деңгейi 8,4% болды және 2003 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға қысқарды.
      Tipкелген жұмыссыздар үлесінің азаю үрдiсi байқалады. Олардың саны 2003 жылмен салыстырғанда 25,1 мың адамға азайды және 117,7 мың адам болды.
      Жұмыссыздар құрылымындағы әрбір екіншi адам - әйел, әрбiр үшінші адам - 15-39 жаста.
      Жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен тоқыраған ауылдық өңiрлерде аса өткiр болып отыр.
      Республикада еңбек рыногы жай-күйінің мониторингі үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессiздiгi және халықтың еңбек ұтқырлығының төмен болуы себептi жергiлiктi еңбек рыноктарындағы жұмыс күшінің бiр мезгілдегi тапшылығы жағдайында қазiргi уақытта Қазақстанда оған сұраныстың жеткiлiктi екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi органдардың ай сайынғы бос орындар банкі 15-17 мың бiрлiктi құрайды. Бiрақ кәсіптік белгiсi бойынша жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессiздігінен айына бір бос жұмыс орынынан орта есеппен 7-10 жұмыссыз үмiттенедi.
      Бiлiм беру қызметтерінің рыногы сұраныстың өзгеруіне шұғыл әсер етуге дайын болмады, бұл бiлiктi жұмысшы кадрлары тапшылығының проблемасын шешуге және жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныстың сәйкессiздiгiн жоюға мүмкiндiк бермейдi.
      Кедейлiкті азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны, Ауыл жылын өткiзу жөніндегі iс шаралар жоспарын iске асыру барысында еңбек рыногындағы белсендi шаралардың нәтижелері жақсарды. 2004 жылы елiмiзде 220,4 мың жұмыс орыны, оның iшiнде 50% - ауылдық жерлерде құрылды. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi органдардың көмегiмен өтiнiшпен келгендердiң әрбiр екiншiсi (2003 жылғы 154,6 мыңмен салыстырғанда 167,5 мың адам) жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту органдарына өтiнiшпен келген азаматтардың жартысынан көбі қоғамдық жұмыстарға қатысады. Жұмыссыздардың едәуір саны оқуға, қайта даярлауға және біліктілiгiн арттыруға жiберiлдi. 2004 жылы ғана 26,9 мыңнан астам жұмыссыз оқуын және қайта даярлауды тәмамдады.
      Сонымен қатар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу caяcaтын iске асыруда белгiлi бiр проблемалар да бар. Жаңа жұмыс орындарын құру қарқыны көбiнесе жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының көбеюiмен әрдайым сәйкес келмейді, қайта оқытудан өткен жұмыссыздардың үштiң бiрiнен астамы еңбек рыногында өз орынын таба алмайды, қоғамдық жұмыстар өңiр үшiн де экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық жағынан әрдайым пайдалы бола бермейдi.
      Репатрианттарды (оралмандарды) жұмысқа орналастыру проблемасы шешiлген жоқ. Талдау бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда айтарлықтай кемшілiктер бар екенін дәлелдейдi. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және Астана және Алматы қалаларындағы оралмандардың жұмысқа орналасу деңгейi орташа республикалық деңгейден екi eceгe жуық төмен.
      Еңбек рыногындағы өзектi проблемалар:
      тиімсiз жұмыспен қамтудың басым болуы;
      жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың біліктілік-кәсiби құрылымының сәйкессiздiгi;
      бiлiктi кадрлардың еңбек әлеуетінiң жоғалуы;
      кадрлар даярлаудың экономика қажеттілiктеріне сәйкес болмауы;
      халықтың жекелеген топтарын (әйелдер, жастар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, мүгедектер) жұмысқа орналастыру қиындығы;
      өңiрлік еңбек рыноктарының үлкен сараланымы;
      тоқырауға ұшыраған, жұмыс күшi артық ауылдық аудандардағы, шағын қалалардағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейi;
      шекаралас мемлекеттерден келетiн жұмыс күшінің заңсыз ағымдары болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігiнің болжамы бойынша 2005-2007 жылдары 826 мың адам жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi органдарға өтінішпен барады, олардың шамамен жартысы жұмысқа орналастырылатын болады.
      2005-2007 жылдары белгiленген квота шегiнде тарихи отанына келетін оралмандар қатарынан шамамен 45 мың отбасының құрамында еңбекке жарамды жастағы 100 мыңнан адам келедi деп болжануда, олардың бәрi де жұмысқа орналасуға мұқтаж болады.
      2005-2007 жылдардағы кезеңде IЖӨ өсiмi жылына бес пайыз, жұмыссыздық деңгейi 7,2% болған кезде 2007 жылы жұмыспен қамтылғандардың саны 8 млн. адамнан сәл ғана асатын болады.
      Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын өзгерту жағдайында импорт алмастыруға бағытталған құрылымдық-технологиялық қайта құруға, өнеркәсіп саясатындағы басымдықтарды таңдауға сәйкес, өндiрiстi әртараптандыру мен жаңа жұмыс орындарын құру, бiлiктi жұмыс күшіне тапшылықтың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
      Мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарының жартысынан астамы туризм және инфрақұрылым саласында, 20% астамы өндiрiстік секторда, шағын және opтa бизнесте құрылатын болады деп күтілуде.
      Экономиканы құрылымдық қайта құру жұмыс күшіне сұраныс сипатындағы және оның кәсіптік-біліктілік құрамындағы өзгерiстерге апарып соғады. Тиісінше, кәсіптік бiлiм беру жүйесінде мамандар даярлаудың көлемі мен бейіні де өзгеруі тиіс.
      Индустриялық даму стратегиясын іске асырумен бірге өнеркәсіпте істейтін адамдар саны да едәуір көбейеді деп күтілуде.
      Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы бейініндегі мамандарға сұраныс артады деп күтілуде.
      Мұнайгаз өнеркәсiбiнiң республикадағы көш бастаушылық жағдайына байланысты, оның даму перспективалары осы саладағы кадрларды даярлау мәселесіне жаңа тәсiлдерді талап ететiн болады.
      Нарық инфрақұрылымы, тұрмыстық және халыққа сервистiк қызмет көрсету, көлiк, байланыс, мектептегi бiлiм беру, ғылым қызметкерлеріне тұрақты сұраныс болады деп болжанып отыр.
      Экономиканың бiлiктi кадрларға қажеттілігі басқару және әкiмшiлiк-өндiрiстiк қамтамасыз ету саласындағы басшылар мен мамандарға деген тұрақты сұраныспен сипатталатын болады. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс және т.б. кәсіпорындарының менеджмент және шаруашылық қызметін талдау салаларында тiкелей жұмыс iстейтін мамандарға сұраныс едәуір артады.
      Қоғамды ақпараттандырудың дамып келе жатқан процесіне байланысты компьютерлiк технологияны игерген бiлiктi мамандарға және техникалық орындаушыларға сұраныс көбейедi. Мүгедектер тарапынан жұмыс орындарына тұрақты сұраныс сақталады.

  2-бөлiм. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты - өнiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін азайту.
      Бағдарламаның мiндеттерi:
      халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды жүзеге асыру;
      нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
      халықты жұмыспен қамту саясатын ақпараттық қолдау;
      жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру.

  3-бөлiм. Бағдарламаның негізгi бағыттары және
оны iске асыру тетiгi

        3.1. Халықты жұмыспен қамту деңгейiнiң өсуiн ынталандыратын шаралар

      3.1.1. Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру
      Жаңа жұмыс орындарын құру:
      инвестициялық жобаларды, 2005 - 2007 жылдары мемлекеттiк және салалық (секторальдық) бағдарламаларды iске асыру (902,1 мың жұмыс орны);
      нысаналы топтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;
      қоғамдық жұмыстарда жұмыспен уақытша қамтуды дамыту жолымен қамтамасыз етілетін болады.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы заңнамаларын, бос жұмыс орындарын жасыру және нысаналы топтарды қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтары бөлігінде бұзушылықтарды анықтау жөнiндегі жұмыс жандандырылады.

       Қазақстан Республикасында мемлекеттiк және салалық
    (секторалдық) бағдарламалар бойынша 2005-2007 жылдар
          кезеңінде құрылатын жұмыс орындарының саны

                                                 (жұмыс орындары)

Р/с
N

Экономика
салаларының атауы

Жылдар

Жиыны

2005

2006

2007

1

2

3

4

5

6

1

Өнеркәсіп

3786

6585

5219

15590

2

Құрылыс

10404

18948

18948

48300

3

Көлiк

11204

11451

11976

34631

4

Ауыл шаруашылығы

16012

1718

488

18218

5

Шағын және орта
бизнес

100000

100000

-

200000

6

Денсаулық сақтау

52

1010

-

1062

7

Бiлiм беру

397

1296

253

2446

8

Мәдениет

217

133

133

483

9

Туризм

540000

-

-

540000

10

Спорт

1529

1829

1242

4600

11

Басқа салалар

20930

15873

8

36811


Республика бойынша

705031

158843

38267

902141

      3.1.2. Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмдiлігі жөніндегі шаралар
      Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмдiлiгi болуы үшін кәсіптік даярлауды еңбек рыногындағы қажеттiлiктерге сәйкес жетілдiру, еңбек рыногындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингi қажет.
      Бұл ретте мыналар:
      еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың және бiлiм беру қызметтері рыногындағы мамандар даярлаудың көлемін, бейіндері мен мерзiмдерiн болжау;
      жұмыс берушілердiң таяудағы 3 жылда жұмыс күшіне деген қажеттілігiн айқындау және кадрлар даярлау жүйесiн экономика қажеттіліктерiмен сәйкес келтіру мақсатында жұмыс күшiне сұраныс мониторингiн жүзеге асыру;
      жұмыссыздарды кәсiби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау есебінен еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілетiн арттыру;
      бастауыш, орта және жоғары кәсiби білім берудiң Кәсіптер (мамандықтар) жіктемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      кәсіпорындардың әрбiр есептi жылдың аяғында жыныстық жасы, кәсіптiк және біліктілік белгiлерi бойынша кадрлар құрамын көрсететін статистикалық есептемесіне (N 1-T, 2-Т-нысандары) өзгерiстер енгiзу;
      оқушылары кәсіптiк бағдарлауды дамыту, еңбек рыногында талап ететін кәсіптер, мамандықтар бойынша олардың еңбек қызметiне уәждемесін арттыру көзделеді.

      3.1.3. Халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру
      Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру:
      әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
      кәсіптік даярлауға біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға әрi қоғамдық жұмыстарға жiберу кезінде басымдықты құқық;
      шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне жұмысқа орналастыру;
      кәсіптік бағдарлау, хабардар ету, консультациялар беру;
      екі-үш аралас кәсіптерге оқыту жолымен бәсекелестiк қабілетiн арттыру;
      мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу;
      оралмандарды жергілікті еңбек рыноктарында қалыптасқан ахуалды ескере отырып, әкелу кестесiн, қоныстану аудандарын, кәсiптер (мамандықтар) бөлінісiнде еңбекке қабілетті адамдардың санын көрсете отырып орналастыру;
      нысаналы топтарды жұмыспен қамту мониторингін жүргізу;
      бос жұмыс орындары туралы мәліметтер жариялау;
      жұмыспен қамту және қылмыстық түзеу жүйесi органдарының өзара әрекет етуі;
      жазасын өтеп жүрген адамдарды оқытуды ұйымдастыру мақсатында, еңбек рыногында сұраныс бар кәсіптердiң, мамандықтардың тiзбелерiн қылмыстық-түзеу жүйесi органдарына беру есебiнен қамтамасыз етіледі.

      3.1.4. Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту
      шағын және орта кәсіпкерлiктi қолдау және дамыту:
      жұмыспен қамтудың икемдi нысандарын ұйымдастыру және қызметтердiң жекеменшік салаларын дамыту;
      дәстүрлі ұлттық кәсіпшiлiктің, әсiресе, оңтүстік өңiрлерде, ауылдық жерлерде және шағын қалалардағы тамақ шикізатын қайта өңдеуге арналған үйде iстейтiн және кәсіпшілік өндiрiстерінiң жаңғыруына жәрдемдесу;
      жұмыссыздарға материалдық көмек беру жолымен олардың жеке iсiн ұйымдастыруына жәрдемдесу;
      одан әрi өзiн өзi жұмыспен қамту мақсатында жұмыссызды оқуға жіберу есебінен жүзеге асырылатын болады.

      3.1.5. Еңбек рыногындағы қажеттiліктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесін ұйымдастыру
      Еңбек рыногындағы қажеттіліктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесін ұйымдастыру еңбек рыногындағы жұмыссыздардың бәсекелестiкке қабілеттілігiн арттыру жолымен оларды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау apқылы жүргiзілетін болады.

      3.1.6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiру
      2005-2007 жылдары қоғамдық жұмыстардың басым дамуына байланысты жол құрылысы мен оларды жөндеуге, ағаш отырғызуға, елдi мекендер мен өңiрлердiң санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсартуға, өңiрлердің инфрақұрылымын (коммуналдық желілер, телефондандыру, электр тарату желілерінің құрылысы және т.б.), көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған қоғамдық жұмыстарды кеңейту мен қайта бағдарлау және әлеуметтiк қызметтер көрсету көзделеді.

      3.1.7. Жұмыспен қамтудың өңiрлік проблемаларын шешуде жергіліктi атқарушы орындардың рөлін арттыру жөніндегi шаралар
      Жергiлiктi атқарушы органдар:
      бос орындар туралы ақпарат жинау жөнiндегi жұмысты жандандыру;
      халықты және жұмыс берушілерді еңбек рыногындағы ахуал туралы хабардар ету, буклеттер, жадынамалар, плакаттар тарату арқылы жұмыс iздеуге жәрдемдесу, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы мәліметтердi жариялау;
      жұмыс іздеуде қиындық көретін азаматтарға консультациялар беру;
      лайықты жұмыс таңдауға, оның ішінде бос орындар жәрмеңкелерiн, жұмыс iздеу клубтарының қызметiн ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға жiберу жолымен жәрдемдесу;
      еңбек рыногындағы бәсекелестiк қабілеттілiктi арттыру мақсатында жұмыссыздарды кәсіптiк даярлауға, біліктілiгiн арттыруға, қайта даярлауға жiберу;
      еңбек рыногындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингін жүргізу;
      жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жаңа жұмыс орындарын құру жолымен iске асыру, нысаналы топтарды қоса алғанда, еңбек рыногындағы қажеттілiктi ескере отырып жұмыссыздарды кәсіптiк даярлаудың және қайта даярлаудың сапасын жақсарту, шағын және орта кәсіпкерліктi қолдау және дамыту, қоғамдық жұмыстардың түрлерін кеңейту және қайта бағдарлау;
      жұмыс күшін аумақаралық, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес алмасуды дамыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

      3.1.8. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органның қызметiн жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерiнде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бiрлестiктермен, жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ықпалдастыру
      Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi уәкілеттi органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бiрлестiктермен, жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ықпалдастыру:
      жұмыспен қамту органдарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерiмен және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу саласындағы үкiметтік емес ұйымдармен өзара iс-әрекеттерін кеңейту;
      ұйым қызметкерлерiн өндiрiсішілiк оқыту, сондай-ақ босатылуға жататын қызметкерлердi, олардың еңбек рыногындағы бәсекелестік қабiлетi мен кәсiптiк ұтқырлығын арттырудың маңызды құралы ретiнде, ілгерiлеп кәсіптік оқыту жүйесiн дамыту;
      жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi органдар, бiлiм беру ұйымдары мен Жұмыс берушілер конфедерациясы арасында Бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа орналастыру туралы келiсiм жасасу арқылы бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселесi бойынша өзара әрекет ету жолымен жүзеге асырылады.

      3.1.9. Инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеу кезінде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу
      Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келiсiм-шарттар жобаларын қарау жолымен инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу.

      3.1.10. Бiлім беру ұйымдарының түлектерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
      Бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге:
      жоғары оқу орнының шәкiртi мен жұмыс берушiнің арасында жұмысқа орналасуға шарт жасасу;
      кәсiптік бiлiм беру орындарын бiтiргеннен кейiн одан әрi жұмысқа орналастыру перспективасымен жұмыспен қамту органдары арқылы жастар практикасын (тағылымдама мен тәжiрибенi жұмыс орнында өткiзу) ұйымдастыру;
      мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi елу пайыздан асатын ұйымдарда жұмыс орнын беру ықпал ететiн болады.
      Бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа орналастыру мониторингi орталықтағы сияқты өңiрлiк деңгейлерде де жүзеге асырылатын болады.

  4-бөлiм. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi

       Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.12.   N  540 қаулысымен.

      Бағдарламаны iске асыру үшiн жергiлiктi бюджеттердiң 10861,2 млн. теңге көлемiндегi қаражаты көзделедi, оның iшiнде: 2005 жылы - 3251,5 млн. теңге, 2006 жылы - 3282,5 млн. теңге, 2007 жылы - 4327,2 млн. теңге.
      Бағдарламаны 2007 жылы iске асыру үшiн қажетті бюджеттiк қаражат көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

  5-бөлiм. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер

       Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.12.   N  540 қаулысымен.

      Осы Бағдарламадан туындайтын іс-шараларды орындау жұмыспен қамту мәселелерiн шешуге және жұмыссыздық деңгейiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
      Бағдарламаны iске асыру есебiнен 2005 - 2007 жылдары:
      902,1 мың жұмыс орнын, оның ішінде: 2005 жылы - 705,0 мың, 2006 жылы - 158,8 мың, 2007 жылы - 38,3 мың жұмыс орнын құру;
      460,4 мың адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оның iшiнде: 2005 жылы - 184,6 мың, 2006 жылы - 137,4 мың, 2007 жылы - 138,4 мың;
      347,2 мың адам үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, оның iшiнде: 2005 жылы - 123,6 мың, 2006 жылы - 111,6 мың, 2007 жылы - 112,0 мың;
      73,0 мың жұмыссызды кәсiптiк оқуға және қайта даярлауға жiберу, оның iшiнде: 2005 жылы - 25,3 мың, 2006 жылы - 23,9 мың, 2007 жылы - 23,8 мың;
      нысаналы топтар үшiн 22,7 мың әлеуметтiк жұмыс орындарын құру, оның iшiнде: 2005 жылы - 5,4 мың, 2006 жылы - 8,4 мың, 2007 жылы - 8,9 мың;
      ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер үшiн клубтық жұмыс ұйымдарын қаржыландыруға 14,0 млн. теңге жiберу, оның iшiнде: 2005 жылы - 1,0 млн. теңге, 2006 жылы - 4,1 млн. теңге, 2007 жылы - 8,9 млн. теңге;
      бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастыруды қаржыландыруға 182,3 млн. теңге жiберу, оның iшiнде: 2005 жылы - 43,6 млн. теңге, 2006 жылы - 59,8 млн. теңге, 2007 жылы - 78,9 млн. теңге;
      2007 жылдың аяғына қарай жұмыссыздық деңгейiн 7,2 пайызға дейiн азайту көзделіп отыр.

        6-бөлiм. Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен
     қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске
                 асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.12.   N  540 қаулысымен.

P/c
N

Іс-шаралар

Аяқталу
нысаны

Орын-
далуына
жауап-
тылар

Іске
асыру
(орын-
дау)
мерзімі

Болжам-
ды
шығыс-
тар
(млн.
теңге)

Қар-
жылан-
дыру
көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге
ынталандыратын шаралар
1.1. Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру

1.1.1

Экономиканың
түрлі салала-
рында 902,1
мың жұмыс
орындарын
құруды қамта-
масыз ету,
оның ішінде:
2005 ж. -
705,0 мың,
2006 ж. -
158,8 мың,
2007 ж. -
38,3

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

ИСМ, ККM,
ЭМРМ,
ДСМ, БҒМ,
АШМ, об-
лыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкiмдерi

Тоқсан
сайын

Талап
етiл-
мейдi


1.1.2

Нысаналы
топтар үшін
әлеуметтiк жұмыс орын-
дарын құру

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыс-
тар,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкiмдерi

Жыл
сайын,
II және
IV
тоқсан

Барлы-
ғы: 687,9, оның iшiнде: 2005 жылы - 118,7
2006 жылы - 217,0
2007 жылы - 352,2

Жергі-
лікті
бюджет

1.1.3.  

Қазақстан
Республика-
сының заңна-
маларын, бос
жұмыс орында-
рын жасыру
және нысаналы
топтарды қоса
алғанда, аза-
маттардың
еңбек құқық-
тары бөлі-
гінде бұзушы-
лықтарды
анықтау
жөнiндегі
бақылауды
күшейту

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Еңбекми-
нiнің
аумақтық
бөлімше-
лері

Жыл
сайын,
II және
IV
тоқсан

Талап
етiл-
мейдi


1.2. Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың
теңгерімділігі жөніндегі шаралар

1.2.1.

Еңбек рыно-
гындағы және
білім беру
қызметтерi
рыногындағы
көлемдерге,
бейіндерге
және мамандар
даярлау мер-
зіміне сұра-
ныс пен ұсы-
нысты болжау-
ды жүзеге
асыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

ИСМ, БҒМ,
ЭМРМ, АШМ, ККМ,
облыстар,
Астана
және Алматы
қалала-
рының
әкімдері,
жұмыс
беруші-
лердің
республи-
калық
бірлес-
тіктері-
нің және
кәсіпо-
дақтардың
қатысумен

2006-
2007 ж.ж.,
қараша

Талап
етiл-
мейдi


1.2.2. 

Жұмыс күшіне
сұраныс
мониторингін
жұмыс беру-
шілердің
жұмыс күшіне
таяудағы 3
жылға қажет-
тiлігін анық-
тау және
кадрлар даяр-
лау жүйесін
экономика
қажеттілігіне
сәйкес келтi-
ру мақсатында
жүзеге асыру

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

БҒМ, ИСМ,
ЭМРМ,
ККМ, АШМ,
облыстар,
Астана
және Алматы
қалала-
рының
әкімдері,
жұмыс
беруші-
лердің
республи-
калық
бірлес-
тіктері-
нің және
кәсіпо-
дақтардың
қатысумен

Жыл
сайын,
наурыз

Талап
етiл-
мейдi


1.2.3.  

Бастауыш,
орта және
кәсіптік
жоғары білім
беру кәсіп-
терінің
(мамандықта-
рының) жік-
темесіне
өзгерістер
мен толықты-
рулар енгізу

Бұйрық

БҒМ

Жыл
сайын,
желтоқ-
сан

Талап
етiл-
мейдi


1.2.4

Мектеп оқушы-
ларының кә-
сіби бағдар-
лануын дамыту, олар-
дың еңбек
рыногында
талап етілетін
кәсіптер,
мамандықтар
бойынша еңбек
қызметтеріне
уәждемесін
арттыру

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

БҒМ

2006 ж.,
II тоқ-
сан

Талап
етiл-
мейдi


1.2.5.

Кәсiпорындар-
дың, әр есеп-
ті жылдың
аяғында жы-
нысы, жасы,
кәсіптiк және
біліктілік
белгілері бойынша кадрлар
құрамын
көрсететiн
статистикалық
есептілігіне
(N 1-T, 2-Т
нысандары)
өзгерiстер
енгізу

Бұйрық

СА,
Еңбекминi

2007 ж.,
тамыз



1.3. Халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы
топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру

1.3.1

Оралмандарды
жергіліктi
еңбек рыно-
гында қалып-
тасқан кәсіп-
тер (маман-
дықтар) мен
жағдайлар
бөлінісінде
әкелу кесте-
сiн, орналас-
тыру ауданда-
рын, еңбекке
қабiлеттiле-
рiнiң санын
ескере оты-
рып, орналас-
тыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Еңбекми-
нiнiң
Көші-қон
комитетi

2005-
2007 ж.ж.,
тоқсан
сайын

Талап
етiл-
мейдi


1.3.2.

Нысаналы
топтардың
жұмыспен
қамтылу
мониторингі

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Жыл
сайын,
ІІ және
ІV тоқ-
сан

Талап
етiл-
мейдi


1.3.3.

Жұмыспен қамту және
қылмыстық-
түзету жүйесі
органдарының
өзара ic-қи-
мылын нығай-
туға бағыт-
талған, бас
бостандығынан
айыру жерле-
рiнен боса-
тылған
адамдарды
жұмыспен
қамтуға
жәрдемдесу
жөнiндегi
шараларды
жүзеге асыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Әділет-
мині,
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Тоқсан
сайын

Талап
етiл-
мейдi


1.3.4.

Жазасын өтеп
жүрген адам-
дарды оқытуды
ұйымдастыру
мақсатында
қылмыстық-тү-
зету жүйесi
органдарына
еңбек рыно-
гында сұраныс
бар кәсіптер,
мамандықтар
тізбесiн
ұсыну

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Жыл
сайын,
сәуір

Талап
етiл-
мейдi


1.4. Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсiпкерлікті қолдау мен дамыту

1.4.1.

Шағын бизнес
субъектіле-
ріне пайдала-
нылмайтын
объектілердi,
жер учаскеле-
рін, аяқтал-
маған құрылыс
объектілерін,
нысаналы
топтардан
адамдарды
жұмысқа
қабылдаудың
міндетті шар-
тымен, мүлік-
ті жалға
алуға (жал-
дауға) беруді
қамтамасыз
ету

Әкімдер
шешім-
дері

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Жыл
сайын,
ІV тоқ-
сан

Талап
етiл-
мейдi


1.4.2.

Ауылда шаруа-
шылық жүргі-
зудің дәстүр-
лі нысанда-
рын, әйелдер-
дің ауылдық
жерлерде және
шағын қалаларда
өзін-өзi
жұмыспен
қамтуын
қамтамасыз ету кәсіпші-
лікті дамыту

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

ИСМ, АШМ,
МАСМ,
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

2005-
2007 ж.ж.,
тоқсан
сайын

Талап
етiл-
мейдi


1.4.3.

Қарағанды
облысында
жұмыссыздарға
материалдық
көмек көрсету
жолымен жеке
ісін ұйымдас-
тыруға
жәрдемдесу

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Қарағанды
облысының
әкімі

Тоқсан
сайын

Барлы-
ғы: 82,1, оның iшiнде:
2005 жылы - 30,4
2006 жылы - 24,2
2007 жылы - 27,5

Жергі-
лікті
бюджет

1.5. Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың
икемді жүйесін ұйымдастыру

1.5.1.

Жұмыспен қам-
ту органда-
рының өтi-
нiмдерi бой-
ынша 73,0
мың жұмыс-
сызды оқуға
жіберу және
кәсіптік
даярлауды,
қайта даяр-
лауды және
біліктiлігін
арттыруды
ұйымдастыру

Әкiмдер-
дiң ше-
шiмдерi,
Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның Ең-
бекминi-
не ақ-
парат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Тоқсан
сайын

Барлы-
ғы: 1365,8, оның iшiнде:
2005 жылы - 358,3
2006 жылы - 435,1
2007 жылы - 572,4

Жергі-
лікті
бюджет

6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру

1.6.1.

Жол құрылы-
сына, ағаш
отырғызуға және өңірлер-
дің инфрақұ-
рылымын да-
мытуға, әсi-
ресе ауылдық
аумақтардағы
көлiк инфра-
құрылымын
дамытуға
арналған
қоғамдық
жұмыстарды
кеңейту және
қайта
бағдарлау

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Тоқсан
сайын

Барлы-
ғы: 8436,7, оның iшiнде:
2005 жылы - 2661,0
2006 жылы - 2518,9
2007 жылы - 3256,8

Жергі-
лікті
бюджет

1.7. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен
қамтудың өңірлік проблемаларын шешудегі рөлін
арттыру жөніндегі шаралар

1.7.1.

Өңiрлік
ақпараттық
бос орындар
базасын
толықтыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Тұрақты

Талап
етiл-
мейдi


1.7.2.

Халықты және
жұмыс беруші-
лердi буклет-
тер, жадына-
малар, пла-
каттар тарату
жолымен еңбек
рыногында
ахуал, бос
жұмыс орында-
ры туралы
хабардар ету

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Тоқсан
сайын

Барлығы: 5,6, оның iшiнде:
2005 жылы - 0,4
2006 жылы - 1,5
2007 жылы - 3,7

Жергі-
лікті
бюджет

1.7.3.

Жұмыста ұзақ
үзілісі бар
немесе жұмыс
тәжірибесі
жоқ жұмыссыз-
дарды әлеу-
меттік-еңбек-
ке бейімдеу
жөніндегі
клубтық
жұмысты
жетілдіру

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Жыл
сайын,
ІІ және
ІV тоқсан

Барлы-
ғы: 14,0, оның iшiнде:
2005 жылы - 1,0
2006 жылы - 4,1
2007 жылы - 8,9

Жергі-
лікті
бюджет

1.7.4.

Жұмысқа орна-
ластыру жө-
ніндегі
іс-шараларды
бос орындар
жәрмеңкесiн
ұйымдастыру,
оның ішінде:
еңбек рыно-
гында жас-
тарды бейiм-
деу және
Астана қала-
сының оқушы-
лары үшін
қоғамдық
жұмыстар
ұйымдастыру;
жұмыспен
қамтудың
икемдi нысан-
дарын ұйым-
дастыру
жолымен
жетілдіру

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Тоқсан
сайын

Барлы-
ғы: 67,7, оның iшiнде:
2005 жылы - 19,0
2006 жылы - 21,9
2007 жылы - 26,8

Жергі-
лікті
бюджет

1.7.5.

460,4 мың
жұмыссызға
жұмысқа
орналасуға
жәрдем
көрсету

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

2005-
2007
ж.ж.

Талап
етiл-
мейдi


1.7.6.

Қазақстан
Республика-
сының еңбек
рыногындағы
ахуалдың
мониторингі

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Жыл
сайын,
II тоқ-
сан

Талап
етiл-
мейдi


1.8. Жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы
мәселелерiнде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс
берушілермен, қоғамдық бiрлестіктермен, жеке жұмыспен
қамту агенттіктерімен жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органның қызметін ықпалдастыру

1.8.1.

Жұмыспен қам-
ту органдары-
ның жеке
жұмыспен
қамту
агенттiкте-
рiмен және
үкіметтік
емес ұйымдар-
мен жұмысқа
орналастыру
саласындағы
өзара іс-әре-
кетін кеңейту

Келi-
сiмдер

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Жыл
сайын,
желтоқ-
сан

Талап
етiл-
мейдi


1.8.2.

Салалық
(тарифтік)
келісімдерге
кадрлық әлеу-
етті дамыту
жөніндегі
мынадай:
босаған
қызметкерлер-
дің білікті-
лігін артты-
руды және
қайта даяр-
лауды еске-
ретін, қыз-
меткерлерді
өндірісішілік
оқыту жүйесiн
құру және
дамыту;
жұмыстан
босау
қатерiндегi
жастарды
iлгерiлеп
кәсiптiк
оқыту;
қызметкер-
лердi кәсіп-
тiк даярлау,
қайта даяр-
лау, олардың
біліктiлігін
арттыру үшін
материалдық-
техникалық,
оқу-әдістеме-
лік базаны
жетілдіру
(құру) шараларын
енгізу

Әкiмдер-
дiң ше-
шiмдерi,
Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның Ең-
бекминi-
не ақ-
парат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері,
беруші-
лердiң
және
кәсіпо-
дақтардыңреспубли-
калық
бiрлес-
тіктерi-
нің қаты-
суымен

2005-
2007
ж.ж.,
ІV тоқ-
сан

Талап
етiл-
мейдi


1.8.3.

Жұмыспен қамту, білім
беруді ұйым-
дастыру
мәселелері
жөнiндегi
уәкiлетті
органдармен
және білім
беру ұйымда-
рының түлек-
терін жұмысқа
орналастыруға
жәрдемдесу
мәселелері
жөнiнде Жұмыс
берушілер
конфедерация-
сымен өзара
іс-әрекет
ету тетiгін
әзiрлеу

Келiсiм-
нiң
жобасы

Еңбекми-
нi, БҒМ,
жоғары
оқу орын-
дары,
жұмыс
беруші-
лердің
және
кәсіпо-
дақтардың
республи-
калық
бірлес-
тіктері

2006 ж.,
шілде

Талап
етiл-
мейдi


1.9. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу
кезінде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып,
қосымша жұмыс орындарын құру

1.9.1.

Ішкі еңбек
рыногын қор-
ғау мақсатын-
да инвести-
циялық келі-
сім-шарттар
жобаларын
қарау кезінде
қатысу

Ішкі еңбек
рыногын
қорғау
мақса-
тында
инвести-
циялық
келісім-
шарттар
жобасын
сараптау

Еңбекминi

Тұрақты

Талап
етiл-
мейдi


1.10. Білім беру ұйымдарының түлектерiн
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

1.10.1

Мемлекеттік
ұйымдарда
немесе жарғы
капиталын-
дағы мемле-
кеттің үлесі
елу пайыздан
артық ұйым-
дарда жұмыс
орындарын беруге жәрдем
көрсету

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері,
БҒМ,
ЭМРМ,
ИСМ, ККМ,
ЭБЖМ, ДМ,
АШМ

Жыл
сайын,
желтоқ-
сан

Талап
етiл-
мейдi


1.10.2

Өңiрлерде
білім беру
ұйымдарының
түлектерiн
жұмысқа
орналастыру
мақсатында
жастар прак-
тикасын тарату

Қазақ-
стан
Респуб-
лика-
сының
Еңбек-
минiне
ақпарат

БҒМ, ДСМ,
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдерi

жыл
сайын,
қаңтар

Барлы-
ғы: 182,3, оның iшiнде:
2005 жылы - 43,6
2006 жылы - 59,8
2007 жылы - 78,9

Жергі-
лікті
бюджет

       Ескерту:
      Жергiлiктi бюджеттен талап етiлетiн қаражаттың барлығы - 10861,2 млн. теңге, оның iшiнде: 2005 жылы - 3251,5 млн. теңге, 2006 жылы - 3282,5 млн. теңге, 2007 жылы - 4327,2 млн. теңге.
      2. Бағдарламаны 2007 жылы iске асыруға көзделген шығыстар тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық және жергіліктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетілетін болады.
      3. Әрiптiк аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі;
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi;
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
      MACM - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігі;
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі;
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрілігі;
      СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады