Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 69 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы
N 1173  қаулысымен бекiтiлген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "КАД-про" жауапкершiлiгі шектеулi қоғамы (Ресей) сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығы" мерейтойлық медальдарына арналған футлярларды берушi болып белгiленсiн.
 

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнына (бұдан әрi - кәсiпорын) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      кәсiпорынның 2005 жылға арналған қаражаты есебiнен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсаудың қағидатын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3, 4-тармақтарын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады