Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 108 Қаулысы

      Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын электр энергиясымен үздiксiз жабдықтау және "Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттiк аудандық электр станциясы" ашық акционерлiк қоғамы жұмысының тоқтап қалуын болдырмау мақсатында, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "ҚМГ-Алатау" жауапкершілiгі шектеулi серiктестігi Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын 2005 жылғы қаңтар-наурыз кезеңiнде электрмен үздiксiз жабдықтау үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар M-100 отындық мазутты берушi болып белгiленсiн.

      2. "ҚазТрансГаз" акционерлiк қоғамына (келiсiм бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен "ҚазТрансГаз" акционерлiк қоғамының қаражаты есебiнен 766941000 (жетi жүз алпыс алты миллион тоғыз жүз қырық бiр мың) теңге сомасына M-100 отындық мазутты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық peестрi В.С.Школьникке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады