Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегі инфрақұрылымды ұйымдастырудың кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы N 134 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889  Жарлығын iске асыру мақсатында және "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға ақшалай қаражат ұсыну ережесі бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 10 ақпандағы        
N 134 қаулысымен         
бекiтілген            

  Ауыл шаруашылығы өндірісіне техникалық қызмет
көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға
ақшалай қаражат ұсыну epeжесі

  1. Жалпы шарттар

      1. Осы Ереже 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 043 "Ауыл шаруашылығын институционалды дамыту" бюджеттiк бағдарламасының 101 "Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыру" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген 8950000000 (сегiз миллиард тоғыз жүз елу миллион) теңге сомасында ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға бағытталатын ақшалай қаражат (бұдан әрi - Қаражат) ұсынудың тәртiбiн айқындайды.

  2. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет
көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға
Қаражат ұсыну

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға Қаражат ұсыну заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Ауылшарминi "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға пайдалануға жататын Қаражатты ұсынуды заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегi iс-шараларды өткiзу арқылы қамтамасыз етедi.
      4. Қоғам ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға бөлiнген Қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның iшкi кредит саясатына сәйкес мынадай мақсатта пайдаланады:
      1) 2000000000 (екi миллиард) теңге - дербес машина-технологиялық станцияларды (сервис-орталықтарын) (бұдан әрi - МТС) қаржыландыруға, сондай-ақ Қоғам бұрын құрған MTC-тердi қаржыландыруды ықтимал жалғастыруға. Қоғамның MTC-тердi қаржыландыруы 7 жылға дейiнгi мерзiмге жылдық 2 пайызға дейiн сыйақы ставкасымен және МТС-тердiң Қоғам алдындағы мiндеттемелерi екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асырылуы тиiс;
      2) 1000000000 (бip миллиард) теңге - кейiннен лизингке беру үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн жабдықтарды (бұдан әрi - Жабдықтар) сатып aлу, Жабдықтарды сатып алу мен жеткiзуге байланысты (оның iшiнде: Жабдықтарды кедендiк ресiмдеуге және тазалауға, тиеуге, түсiруге, жинауға байланысты) шығыстарды өтеу мақсатына. Жабдықтардың лизингі 7 жылға дейiн мерзiмдi құрауы тиiс, лизинг бойынша сыйақы ставкасы жылдық 4 пайызға дейiн;
      3) 5950000000 (бec миллиард тоғыз жүз елу миллион) теңге - кейiннен лизингке беру үшiн ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтар және мал шаруашылығы субъектiлері үшiн арнайы техника (бұдан әрi - Техника) сатып алу, Техниканы сатып алу мен жеткiзуге байланысты (оның iшiнде: Техниканы кедендiк ресiмдеуге және тазалауға, тиеуге, түсiруге, жинауға байланысты) шығыстарды өтеу мақсатына. Техниканың лизингi 7 жылға дейiн мерзiмдi құрауы тиiс, лизинг бойынша сыйақы ставкасы жылдық 4 пайызға дейiн.

  3. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау

      5. Ауылшарминi ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға бағытталатын Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады