"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 136 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба    

Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы
органдары туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

       1-бап. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 145-құжат; 2004 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан", 2004 жылғы 28 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңы ) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:

      1) 1-бап "қаржы қызметi" деген сөздерден кейiн ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-баптың 2) тармақшасында "экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың" деген сөздер "сондай-ақ экономикалық, сыбайлас жемқорлық, қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi "Қаржы полициясының" деген сөздер "Қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 6-бапта:
      1-тармақ "мақсатында" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 3), 8) тармақшаларында "экономикалық және қаржылық" деген сөздер "экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 10-баптың 4) тармақшасында және 11-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында:
      "тізбесін" деген сөзден кейiн "және нормаларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 13-баптың 7-тармағында "экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылық", "экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың" деген сөздер "сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар және құқық бұзушылықтар", "сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады