Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге 2005 жылға арналған қаражат төлеу ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 ақпандағы N 164 Қаулысы

      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру әрi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi сапалы асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге 2005 жылға арналған қаражат төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2005 жылғы 23 ақпандағы      
N 164 қаулысымен         
бекiтiлген             

  Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және
жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының
тектік қорын сақтауға және қалпына келтiруге 2005 жылға арналған қаражат төлеу ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге 2005 жылға арналған қаражат төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 108 "Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiру" кiшi бағдарламасы бойынша 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге арнап республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорындар) құрамына кiретiн селекциялық-генетикалық орталықтарға қаражат төлеудiң (бұдан әрi - субсидиялау) тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
      2. Субсидия мынадай мақсаттарға арналады:
      1) коллекциялық табындар құру үшiн сатып алынатын ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының құнын толық өтеу;
      2) сатып алынған арнайы технологиялық жабдықтың, оргтехниканың және арнайы көлiктiң (бұдан әрi - арнайы жабдық) құнын толық өтеу.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) коллекциялық табындарды қалыптастыру үшiн ауыл шаруашылығы жануарларының сатып алынатын саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының және арнайы жабдықтың тiзбесi мен санын бекiтедi.

  2. Қаражат төлеу тәртiбi

      4. Осы Ереженiң 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мақсаттарға арналған субсидияларды алу үшiн:
      1) Кәсiпорындар ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының және арнайы жабдықтың тiзбесi мен санына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алу рәсiмiн жүзеге асырады және ауыл шаруашылығы жануарларының тиiстi саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарын және арнайы жабдықтарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасады;
      2) Кәсiпорындар, шарттар жасасқаннан кейiн 10 күннiң iшiнде, бiрақ 2005 жылғы 1 қыркүйектен кешiктірмей шарт түпнұсқасының бiр данасын Министрлiкке бередi.
      5. Министрлiк ұсынылған құжаттардың заңнамада белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларына сәйкес Кәсiпорындардың есеп айырысу шоттарына тиесiлi соманы аударады.
      6. Кәсiпорындар, жануарлар мен арнайы жабдықты сатып алғаннан кейiн субсидиялардың мақсатты пайдаланылғанын растауға 30 күннiң iшiнде барлық төлем құжаттарының, тауарды жеткiзу актiлерiнiң және тауарды сандық-сапалық жағынан бағалау актiлерiнiң көшiрмелерiн Министрлiкке бередi.
      7. Министрлiк осы Ереженiң 4-тармағы бойынша, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына төлеу шотын бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады