Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігiн (қаржы полициясы) қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 166 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін (қаржы полициясы) қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттiгiн (қаржы полициясы) қайта
ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 3) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік орган етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  Жарлығының 1-тармағына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы абзац алынып тасталсын:
      "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігi (қаржы полициясы)".
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілігіне жүктелсiн.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады