Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 185 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 817 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.11.2021 № 817 қаулысымен.

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заңының 5-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 1 наурыздағы
N 185 қаулысымен
бекiтiлген

Өзге мемлекеттік мүлікті мемлекеттiк
мекемелерге бекiтiп беру ережесi

      1. Осы Ереже "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2335 Заңына сәйкес әзiрленген және өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру тәртiбiн айқындайды.

      2. Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру мынадай тәртiппен:

      1) республикалық мемлекеттiк мекемелерге:

      теңгерiмдiк құны ең төмен есептiк көрсеткiштiң он мың және одан жоғары мөлшерi кезiнде - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң республикалық мемлекеттік меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген мекемеге қатысты мемлекеттiк басқару органының ұсынысы жөнiндегi шешiмi бойынша;

      теңгерiмдiк құны беру күнiне ең төмен есептiк көрсеткiштiң он мыңнан төмен мөлшерi кезiнде - мемлекеттiк басқару органының мекемеге қатысты ұсынысы бойынша республикалық мемлекеттiк меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша;

      2) коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге - облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

      3. Өзге мемлекеттiк мүлiкке жедел басқару құқығы оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеген сәттен бастап пайда болады.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларда мекемелердiң мүлiктiк құқықтары, оларды сатып алу негiздерiне қарамастан мемлекеттiк мекемелердiң мүлкi, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер жасасатын азаматтық-құқықтық мәмiлелер белгiленген тәртiппен тiркеуге жатады.

      5. Мемлекеттiк мекемелердiң жылжымайтын мүлiкке құқығы, оның iшiнде жедел басқару құқығы, бiр жылдан асатын мерзiмге пайдалану құқығы, кепiл, рента, сенiмгерлiк басқару құқығы белгiленген тәртiппен тiркелуге жатады.

      6. Егер заңнама кесiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiкке құқық мемлекеттiк мекемеде мемлекеттiк меншікті иеленуге уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, ресімделген қабылдау-беру актісімен мүлікті іс жүзінде беру сәтінен бастап пайда болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады