Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 196 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 тамыздағы N 825  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 383-құжат):
      1-тармақта "Қызмет" деген сөз "Қызмет-Сервис А" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 21-56-жолда "Қызмет" деген сөз "Қызмет-Сервис А" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      реттiк нөмiрi 217-6-жолда "Қызмет" деген сөз "Қызмет-Сервис А" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады