"Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес және Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстары және Алматы қаласы әкiмдiктерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына есiмдер берiлсiн.
2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдары қайта аталсын.
3. Осы қаулы ресми түрде алғашқы жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 3 наурыздағы
N 200 қаулысына
1-қосымша
Белгiлi қоғам қайраткерлерiнiң, ғалымдардың,
жазушылардың, ақындардың, композиторлардың,
геологтардың, суретшiлердiң, педагогтардың,
Кеңес Одағы Батырларының есiмдерi берiлген
бiлiм беру және мәдениет ұйымдарының
тiзбесi
Алматы облысы бойынша
Жамбыл ауданының Қызыләскер бастауыш мектебiне - педагог Мәми Әбдiразақтың есiмi;
Атырау облысы бойынша
Атырау қаласының Кеңөзек орта мектебiне - профессор Тауман Амандосовтың есiмi;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Аягөз қаласының N 2 орта мектебiне - XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнектi өкiлi Дулат Бабатайұлының есiмi;
Қарағанды облысы бойынша
Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжiне - профессор Әлихан Мусиннiң есiмi;
Шет ауданының Ақжал орта мектебiне - академик Шарбану Батталованың есiмi;
Жезқазған қаласының балалар үйiне - педагог Мәруа Құлышеваның есiмi;
Саран гуманитарлық-техникалық колледжiне - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есiмi;
Қостанай облысы бойынша
Арқалық қаласының Торғай гуманитарлық колледжiне - педагог, жазушы-публицист Назипа Құлжанованың есiмi;
Қызылорда облысы бойынша
Шиелі ауданы Алғабас ауылындағы N 157 қазақ орта мектебiне - қоғам қайраткерi, профессор Беркiнбай Пәрiмбетовтiң есiмi;
Маңғыстау облысы бойынша
Маңғыстау облыстық филармониясына - күйшi-композитор Мұрат Өскiнбаевтың есiмi;
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Ақжар ауданының Ұялы орта мектебiне - қоғам қайраткерi, жазушы-публицист Смағұл Садуақасовтың есiмi;
Аққайың ауданының Қиялы орта мектебiне - Кеңес Одағының Батыры Андрей Хименконың есiмi;
Есiл ауданының Явленка N 3 орта мектебiне - кинорежиссер Аяған Шәжiмбаевтың есiмi;
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округінiң отбасылық негiздегі балалар үйiне - "Бауыржан" атауы;
Алматы қаласы бойынша
Мемлекеттiк республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрына - композитор Құдыс Қожамияровтың есiмi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 3 наурыздағы
N 200 қаулысына
2-қосымша
Қайта аталатын бiлiм беру, мәдениет
және спорт ұйымдарының тiзбесi
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
Шымкент қаласының М.Горький атындағы орталық кiтапханасы - Абай атындағы орталық кiтапхана;
Түлкiбас ауданының Каучук орта мектебi - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Зәки Ғұбайдуллин атындағы орта мектеп;
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Петропавл қаласының "Авангард" мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Қазбек Байболов атындағы мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi;
Петропавл қаласының В.И.Ленин атындағы N 1 орта жалпы бiлiм беретiн инновациялық мектебi - академик Мұрат Айтқожин атындағы N 1 орта жалпы бiлiм беретiн инновациялық мектебi.