Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 221 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетiн дамыту, мүдделерiн бiлдiру үшiн қажеттi ұйымдастыру-құқықтық жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 47, 559-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларында:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "олардың филиалдары мен өкілдiктерiнен" деген сөздерден кейiн ", республикалық және өңiрлiк ұлттық-мәдени қоғамдық бiрлестiктер филиалдарынан" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады