Көкшетау қаласындағы M. Горький көшесi, 123-те орналасқан ғимаратты жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi тiзiмiнен алып тастау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 наурыздағы N 228 Қаулысы

      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ақмола облысы әкiмiнiң қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Көкшетау қаласы, М.Горький көшесі, 123 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi тiзiмiнен алып тастау туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады