Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы N 269 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.12. N 799 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.12.  N 799  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күші бар Жарлығының  3-1-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімі бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                          2005 жылғы 28 наурыздағы
                                               N 269 қаулысымен
                                                   бекітілген

            Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық
     ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу
               аумағының тiзбесi мен мерзiмi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.  N 18  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.  

N

Әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің атауы

Кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу мерзімі

1.

Алматы қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан,
Оңтүстiк Қазақстан облыстары

"Мүлiктi жария етуге
байланысты рақымшылық
жасау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы
қолданысқа енгiзiлген
күнiнен бастап 8-13 ай
аралығында

2.

Астана қаласы, Ақтөбе,
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, 
Қызылорда, Маңғыстау облыстары

"Мүлiктi жария етуге
байланысты рақымшылық
жасау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы
қолданысқа енгiзiлген
күнiнен бастап 14-19 ай
аралығында

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады