Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 28 наурыздағы N 269 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 18 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.12. N 799 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.12.  N 799 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу аумағының тiзбесi мен мерзiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 28 наурыздағы N 269  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 13, 147-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу аумағының тiзбесi мен мерзiмi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     2006 жылғы 6 қаңтардағы
                                          N 18 қаулысына
                                                қосымша

                                      Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                     2005 жылғы 28 наурыздағы
                                          N 269 қаулысымен
                                                бекiтiлген

       Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық
  ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу
            аумағының тiзбесi мен мерзiмi 

N

Әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің атауы

Кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу мерзімі

1.

Алматы қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан,
Оңтүстiк Қазақстан облыстары

"Мүлiктi жария етуге
байланысты рақымшылық
жасау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы
қолданысқа енгiзiлген
күнiнен бастап 8-13 ай
аралығында

2.

Астана қаласы, Ақтөбе,
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, 
Қызылорда, Маңғыстау облыстары

"Мүлiктi жария етуге
байланысты рақымшылық
жасау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы
қолданысқа енгiзiлген
күнiнен бастап 14-19 ай
аралығында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады