Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы
"Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 4, 22-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілiктi әскери басқару органдары.";
2) 6-баптың 1-тармағында:
9) тармақшадағы "заңдарында" деген сөз "заң актілерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақша алынып тасталсын;
3) 9-баптың бiрiншi бөлiгінде:
13) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлер соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде де, оны енгiзгенге дейiн де қабылдануы мүмкiн.";
4) 10-бапта:
3) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерiн қаржыландыру тәртiбiн белгілейдi," деген сөздер алынып тасталсын;
9) тармақша алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi