Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнiн бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының әдiлет органдары
қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы
құрамдағы адамдары антының мәтiнiн бекiту туралы
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнi бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi