Тау-кен саласының кейбiр ұйымдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі N 312 Қаулысы

      Тау-кен саласына инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) коммерциялық тендерде, қор биржасында жарғылық капиталдың 40 (қырық) пайызы мөлшерiнде "Васильков алтыны" бiрлескен кәсiпорны" және жарғылық капиталдың 33,3 (отыз үш бүтiн оннан үш) пайызы мөлшерiнде "Ақбақай тау-кен металлургия комбинаты" акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сатуды жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады