Жек дуадақ жұмыртқасын жинау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 313 Қаулысы

      Маңғыстау облысында жек дуадақтың репродуктивтiк қабiлетi жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2005 жылғы 7 сәуiр - 31 мамыр кезеңiнде Маңғыстау облысының аумағындағы шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимiндегi республикалық маңызы бар Кендiрлi-Қаясан мемлекеттiк қорық аймағында кейiннен инкубациялау үшiн 50 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат етiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:
      1) белгiленген тәртiппен "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - "Охотзоопром" ӨБ) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген аумақта 50 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат берiлсiн;
      2) инкубациялау кезiнде шығарылған балапандарды Қазақстан Республикасынан алып кету кезiнде Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция рәсiмiнiң сақталуын қамтамасыз етсiн;
      3) жек дуадақ жұмыртқасы жиналатын жерлерде жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. "Охотзоопром" ӨБ Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi Орнитологиялық зерттеулер орталығының қаржы қаражатына 50 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауды және шығарылған балапандарды кейiннен белгiленген тәртiппен араб жағына бере отырып, оларды инкубациялауды жүзеге асырсын.

      4. Жек дуадақ жұмыртқасын табиғи ортадан алу кезiнде "Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969  қаулысының  13-тармағында көрсетiлген мөлшерде жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы белгiленсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады