"Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы шеңберiнде құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 317 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы шеңберiнде құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы шеңберiнде
құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету
туралы келiсiмдi бекiту туралы

      2004 жылғы 18 маусымда Астанада жасалған Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы шеңберiнде құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiм бекiтiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

ҰЖЫМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ТУРАЛЫ ШАРТ ҰЙЫМЫ
ШЕҢБЕРIНДЕ ҚҰПИЯ АҚПАРАТТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН
ӨЗАРА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер,
      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк  шартының қағидалары мен ережелерiн және оның дамуына қатысты қабылданған құжаттарды басшылыққа ала отырып,
      Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымы шеңберiндегі жүзеге асырылып жатқан сыртқы саясат, экономикалық, ғылыми-техникалық, әскери, әскери-техникалық барлау, қарсы барлау, жедел iздестiру және өзге де iс-қимылдар саласында құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты
       төмендегi туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiм мақсаты үшін аталған терминдер мыналарды бiлдiредi:
      "құпия ақпарат" - Тараптардың нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қорғалатын, әрбiр Тарапқа және осы Келiсiмде заңнамамен белгiлеген тәртiпте берiлген (алынған) кез келген нысанда берiлген, сондай-ақ Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде сыртқы саясат, әскери, әскери-техникалық, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау, жедел iздестіру және өзге де iс-қимылдар саласында пайда болған, оларды заңсыз тарату Тараптардың қауiпсiздігі мен мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн мәлiметтер;
      "құпия ақпаратты тасушылар" - құпия ақпарат нышандар, үлгiлер, белгілер, техникалық шешiмдер мен процестер түрiнде өз көрiнiсiн табатын материалдық объектiлер, оның iшiнде физикалық өрiстер;
      "уәкiлетті органдар" - Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде берiлетiн және/немесе пайда болған құпия ақпаратты алуға, беруге, сақтауға, пайдалануға және қорғауға уәкiлетті мемлекеттiк органдары мен заңды тұлғалары;
      "құзыреттi органдар" - осы Келiсiмдi iске асыруға жауапты Тараптардың органдары мен Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Ұйымдары;
      "құпиялылық белгісi" - тасушыларда және (немесе) оған ілеспе құжаттамада көрсетiлетiн, құпия ақпаратты тасушыларда қамтылған мәлiметтердiң құпиялылық дәрежесi туралы куәландыратын деректемелер;
      "құпия ақпараттарға рұқсат беру" - құпия ақпараттарға ену және/немесе жеке адамдардың ену, ал уәкiлеттi органдардың осындай ақпаратты пайдалана отырып, жұмыстар жүргiзу құқығын ресiмдеу рәсiмi;
      "құпия ақпараттарға ену" - құпия ақпараттарға енуге рұқсаты бар жеке адамды құпия ақпараттармен таныстырудың санкцияланған үдерiсi;
      "құпиялылық режимi" - осы Келiсiмнiң Тараптар мемлекеттерiнде белгіленген талаптар, нормалар мен ережелер, сондай-ақ құпия ақпараттарға енудi реттейтiн (санкция берiлмегендердi қоспайтын) шараларды қолдану тәртiбiнiң жиынтығы;
      "құпия ақпараттарды санкциясыз тарату" - құпия ақпараттарды жария ету немесе осындай ақпараттарды таратудың белгiленген тәртібiн (ережесiн) бұзу салдарынан оған рұқсаты жоқ адамдарға белгілi болуы;
      "құпия жұмыстар" - құпия ақпараттарды пайдалануға байланысты жұмыстар, соның iшiнде оқыту.

2-бап

      Тараптар құпия ақпараттарды қорғау жөнiндегi өзiнiң нормативтiк құқықтық актілерiне, осы Келiсiмге қоса берiлген және оның ажырамас бөлiгі және Тараптардың екi жақтық келiсiмi болып табылатын ҰҚШҰ шеңберiндегі құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы Келiсiмнiң қатысушы мемлекеттерi арасындағы сыртқы саясат, экономикалық, ғылыми-техникалық, әскери, әскери техникалық барлау, қарсы барлау, жедел iздестiру және өзге де ынтымақтастығын жүзеге асыру барысындағы құпиялылық тәртiбiн қамтамасыз ету Тәртiбi талаптарына (әрi қарай - Тәртiп) сәйкес уәкiлетті органдардың құпиялылық режимдi қамтамасыз ету және құпия ақпараттарды сақтау жөнiндегі барлық қажеттi шараларды қолданады.

3-бап

      Тараптардың әрқайсысының нормативтiк құқықтық актiлерi негізiнде Тараптар құпиялылық дәрежелерi және оларға сәйкес құпиялылық белгілерi мынадай үлгiде салыстырылатынын белгiлейдi:

Армения
Респуб-
ликасы

Бела-
русь
Респуб-
ликасы

Қазақ-
стан
Респу-
бликасы

Қырғыз
Респуб-
ликасы

Ресей
Федера-
циясы

Тәжiкстан
Республи-
касы

Ұжымдық
қауiп-
сiздiк
туралы
шарт
Ұйымы

Өте
маңызды

Өте
маңызды

Өте
маңызды

Өте
маңызды

Өте
маңызды

Өте
маңызды

Өте
маңызды

Өте
құпия

Өте құпия

Өте құпия

Өте құпия

Өте құпия

Өте
құпия

Өте құпия

Құпия

Құпия  

Құпия

Құпия

Құпия

Құпия

Құпия

4-бап

      Осы Келісімді жүзеге асыру үшін жауапты құзыретті органдар:
      - Армения Республикасында - Армения Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық қауіпсіздік қызметі;
      - Беларусь Республикасында - Беларусь Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті;
      - Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
      - Қырғыз Республикасында - Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік қызметі;
      - Ресей Федерациясында - Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі;
      - Тәжікстан Республикасында - Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі Бас басқармасы;
      - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымында - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығы.

5-бап

      Өз нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Тараптар:
      ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде алынған және (немесе) пайда болған құпия ақпараттарға қатысты осындай құпиялылық дәрежедегі (осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес салыстырылатын) өзiнiң құпия ақпаратқа қатысты қолданылатын сондай қорғау шараларын қолдануға;
      басқа Тараптың уәкiлетті органынан алынған құпия ақпаратты тек қана оны беру кезiнде көзделген мақсаттарда пайдалануға;
      құпия ақпаратты берген Тараптың алдын ала жазбаша келісiмiнсiз оған үшіншi тараптың енуiне рұқсат бермеуге мiндеттенедi.
      Құпия ақпаратқа ену оны беру кезiнде көзделген мақсаттарда құпия ақпарат қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті және ұлттық заңнамаға сәйкес ресiмделген тек қана құпия ақпаратқа тиiсті рұқсаты бар адамдарға берiледi.
      Берушi Тарап қажет болған жағдайда құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi қосымша талаптарды (құпия ақпаратпен жұмыс iстеу жөнiндегі мiндеттемелер және оны қорғау жөнiндегі шаралар толығымен жазылған) ескертуi мүмкiн.
      Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымының Хатшылығында құпия ақпараттармен жұмыс iстеу және құпиялылықты қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру тәртiбi бөлек Нұсқаумен белгiленедi.

6-бап

      Құпия ақпаратты беру туралы шешiмдi Тараптардың нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әрбiр жеке жағдайда осындай ақпаратты берушi қабылдайды.
      Беру тәсiлi берiлетін құпия ақпараттың санкциясыз таралуынан қорғауды қамтамасыз етуi тиiс.
      Құпия ақпаратты Тараптар арасында дипломатиялық арналар, фельдъегерлiк қызмет немесе өзге де уәкiлеттi қызмет бойынша беру Тараптар арасындағы қолданыстағы келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Құпия ақпарат берiлген Тараптың уәкiлеттi органы оны алғандығын растайды.
      Ауқымды көлемдегі (салмақтағы, габариттегі т.б.) құпия ақпарат тасушыларды беру үшiн Тараптардың уәкiлетті органдары әр жекелеген жағдайда тасымалдау тәсiлдерiн, алып жүру бағыты мен нысанын белгілейдi.
      Бiр Тараптың уәкiлетті органдары өкiлдерiнiң басқа Тарап мемлекетiнiң құпия ақпаратына енуiн көздейтiн сапарлары қабылдаушы Тараптың құзыретті органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Сапар алдында Тараптардың құзыретті органдары сапар кезiнде берiлетiн ақпараттардың құпиялылық дәрежесi туралы бiрiн-бiрi хабардар етедi.

7-бап

      Берiлетiн құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесiн және оны тасушыларды құпия ақпараттарды жасаған уәкiлеттi орган анықтайды.
      Уәкiлетті орган берген құпия ақпараттарды тасушыларға, оны алуға жауаптыларға, осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес салыстырылып, құпиялылық белгiлерi қосымша қойылады.
      Құпиялылық белгiлерiн қою мiндеттілігi аударма, көшiрме жасау немесе таралымын көбейту нәтижесiнде пайда болған құпия ақпараттарды тасушыларға да қатысты.
      Берiлген құпия ақпараттар негiзiнде пайда болған құпия ақпараттарға берiлген құпия ақпараттардың құпиялылық дәрежесiнен төмен емес құпиялылық дәрежесi белгіленедi.
      Құпия ақпараттар мемлекеттер - Тараптарда өз құпия ақпараттарына қатысты қолданылып жүрген талаптарға сай есепке алынады және сақталады.
      Уәкiлетті органның алынған құпия ақпараттардың құпиялылық дәрежесiн оны берген Тараптың тиiстi уәкiлеттi органдарының жазбаша рұқсаты бойынша ғана өзгертуi немесе алып тастауы мүмкiн. 
      Тараптардың ынтымақтастық барысында пайда болған құпия ақпараттардың дәрежесi Тараптардың уәкiлеттi органдарының өзара келiсiмi бойынша анықталады, өзгертiледi немесе алынып тасталады.
      Құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесiнiң өзгергенi немесе алынып тасталғаны туралы оны берген Тараптың уәкілеттi органы басқа Тараптың тиiсті уәкiлеттi органын хабардар етедi.
      Құпия ақпаратты тасушылар оларды берген Тараптың уәкілетті органының жазбаша рұқсаты бойынша қайтарылады немесе жойылады.
      Құпия ақпаратты тасушыларды жою құжатталады, ал жою барысы оны қайта шығару және (немесе) қайта орнына келтiру мүмкiндiгiн болдырмауға кепiл беруi тиiс.
      Құпия ақпаратты тасушылардың қайтарылуы немесе жойылуы туралы оны берген Тараптың уәкiлеттi органы жазбаша түрде хабардар етiледi.

8-бап

      Құзыретті органдар осы Келiсiмдi iске асыру үшiн қажеттi көлемде өз мемлекеттерiнiң құпия ақпараттарды қорғау саласындағы тиiсті нормативтiк құқықтық актiлерiмен алмасады.
      Ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында құзыреттi органдар осы Келiсiмдi iске асыру кезiнде олардың бiреуiнiң сұрауы бойынша бiрлескен консультациялар өткiзедi.

9-бап

      Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру барысында туындайтын барлық шығындарды өздерi өтейдi.

10-бап

      Құпия ақпараттарды рұқсатсыз жариялау кезiнде Тараптар рұқсатсыз жариялау жағдайларын ескере отырып, ұлттық заңнамаларды қолданады.
      Құпия ақпаратты рұқсатсыз жариялау фактiлерi анықталған жағдайда Тараптардың құзыретті органдары консультациялар өткiзедi, қарайтын Тараптардың нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес жүзеге асырады, оның нәтижелерi туралы бiр-бiрiн хабардар етедi. 
      Құпия ақпараттарды рұқсатсыз жариялау салдарынан тиген залалдың көлемi мен оны қалпына келтiру тәртiбi Тараптардың нормативтік құқықтық актiлерiне, олардың арасында жасалған халықаралық шарттарға сәйкес, сонымен қатар Тараптар арасындағы консультациялар барысында анықталады.

11-бап

      Құпия ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету режимiн реттейтiн Тараптар арасындағы қазiргі екi жақты және жанжақты келiсiмдер осы Келiсiмге қарама-қайшы келмейтiн бөлiмiнде қолданыла бередi.
      Осы Келiсiм Тараптардың осы Келiсiмнiң маңызы болып табылатын және оның мақсаттарына қайшылық келтiрмейтiн мәселелер бойынша өзге де халықаралық шарттар жасау құқықтарын шектемейдi, сондай-ақ олар қатысушысы болып табылатын өзге де халықаралық келiсiмдерден туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.

12-бап

      Осы Келiсiмдi талқылау немесе қолдануға байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптардың құзыреттi органдарының консультациялары мен келiссөз жүргізу жолдарымен шешiледi.
      Осындай консультациялар мен келiссөз жүргізу кезiнде Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес өз мiндеттерiн орындауды жалғастырады.

13-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша жекелеген хаттамалармен ресiмделген осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болады және осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес күшiне енедi.

14-бап

      Осы Келiсiм күшiне ену үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындауы туралы жазбаша төртiншi хабарламаны салымшының алған күнiнен бастап осы Келiсiм күшiне енедi және Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттың қолдану мерзiмi iшiнде күшiнде қалады.
      Қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келiсiм салымшыға тиiстi жазбаша хабарламаны тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.

15-бап

      Әр Тарап шығу күнiне дейiн 6 айдан кешіктірмей салымшыға жазбаша хабарлама жолдай және Келiсiмді қолдану кезiнде туындаған мiндеттемелердi реттей отырып, осы Келiсiмнен шығуға құқылы.

16-бап

      Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтаған не болмаса одан Тараптардың бipeуi шыққан жағдайда Тараптар арасындағы ынтымақтастық барысында алынған және/немесе туындаған құпия ақпараттарға қатысты осы Келiсiмнiң 5, 7, 10 баптарында қарастырылған шаралар осы ақпараттардан белгіленген тәртiпте құпиялық белгiсi алынып тасталғанша күшін жоғалтпайды.

17-бап

      Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымының Бас хатшысы Тараптарды осы Келiсiмнiң (оған қосымша хаттамалардың) күшiне енуi туралы, сонымен қатар қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi анағұрлым кешiрек мерзiмде орындаған Тараптар үшiн оның күшіне енуi туралы, сондай-ақ Келiсiмнен Тараптардың шығуы туралы және оның қолданысының тоқтатылуы туралы хабардар етедi.

      2004 жылғы 18 маусымда Астана қаласында, орыс тiлiнде бір түпнұсқада жасалды. Осы Келiсiмнiң түпнұсқасы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады және осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекеттерге оның куәландырылған көшiрмесi жiберiледi.

       Армения Республикасы үшін        Қырғызстан Республикасы үшін

      Беларусь Республикасы үшін       Ресей Федерациясы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін      Тәжікстан Республикасы үшін

2004 жылғы 18 маусымдағы 
Ұжымдық қауіпсiздiк туралы шарт Ұйымы 
шеңберiнде құпия ақпараттардың сақталуын 
өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмге 
 
  қосымша

  ҰҚШҰ ШЕҢБЕРIНДЕ ҚҰПИЯ АҚПАРАТТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН
ӨЗАРА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ҚАТЫСУШЫ
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АРАСЫНДА СЫРТҚЫ САЯСАТ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ,
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ, ӘСКЕРИ, ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ, БАРЛАУ,
ҚАРСЫ БАРЛАУ, ЖЕДЕЛ-IЗДЕСТIРУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ
      ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ РЕЖИМIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ТӘРТIБI

      Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымы шеңберiнде құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмге (одан әрi - Келiсiм) қатысушы мемлекеттердiң арасында сыртқы саясат, экономикалық, ғылыми-техникалық, әскери, әскери-техникалық, барлау, қарсы барлау, жедел-iздестiру және өзге де ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету мақсатында Тараптар келесi Тәртiптi басшылыққа алады:
      1. Құпия ақпараттармен құпиялық жұмыстарға, оның iшiнде оқыту үдерiсi барысында олардың мемлекеттерiнде қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес құпия ақпараттармен жұмыс iстеуге рұқсат етiлген адамдар тартылады. Бұл ретте Тараптардың уәкiлеттi органдары осындай жұмыстарға адамдардың ең аз қажеттi санының енуiне рұқсат берудi жүзеге асырады.
      2. Құпия жұмыстар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыратын Тараптардың уәкiлеттi органдары басқа Тараптың уәкiлеттi органдарында адамдардың құпия ақпараттарға тiкелей ену үшiн жұмысқа тартылатын адамдардың тегін, есiмдерiн, оларды жiберетiн ведомство атауын және осы жұмысты өткiзу қандай құжатпен қарастырылғаны туралы жазбаша түрде алдын ала хабарлайды.
      3. Басқа мемлекетте құпия ақпараттармен жұмыс iстеу үшiн (сонымен қатар оқыту үдерiсiнде) тартылатын адамдар барған мемлекетте қолданылып жүрген құпия ақпараттарды қорғау жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлер талаптарын сақтауы тиiс.
      Осы талапты ескере отырып, ынтымақтастықты жүзеге асыратын уәкiлетті органдар басқа мемлекетке жiберiлетiн адамдарды барған мемлекетте белгiленген құпия ақпараттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзуға жол бермеудi мiндеттейдi.
      4. Тараптар ынтымақтастыққа тартылатын өз уәкiлетті органдарын:
      басқа мемлекет адамдарын олардың орындайтын жұмысы немесе оқу бағдарламасы щеңберiнде құпия ақпараттармен таныстыруды, бiрлескен жұмыстарды (оқуды) жүргізу барысында құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша барған мемлекетте және осы мекемеде немесе кәсiпорында қолданылып жүрген негiзгi талаптар жөнiнде нұсқама өткiзудi;
      басқа мемлекет адамдарына құпия ақпараттар бар жазуларды жүргiзу үшiн арнайы қойын дәптерлер мен жұмыс дәптерлердi, сондай-ақ құжаттарға арналған арнайы портфелдердi (папкаларды) қолхат арқылы берудi;
      басқа мемлекетте жұмыстарды орындау немесе оқу барысында адамдар қолданатын құпия ақпараттар мен олардың тасушыларын сақтауды қамтамасыз етудi мiндеттейдi.
      5. Құпия ақпараттарды талқыланатын (жеткiзiлетiн) және (немесе) құпия ақпарат тасушылар қолданылатын мәжiлiстер, отырыстар, оқу сабақтары мен жаттығулар жүргізу барысында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету құпия ақпараттарды қорғау жөнiндегi тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен осы уәкiлеттi органда (оқу орнында) белгiленген тәртiпте осы мәжiлiстер, отырыстар, оқу сабақтары мен жаттығулар жүргiзiлетiн уәкiлеттi органдар (оқу орны) жүзеге асырады. Бұл ретте аталған iс-шараға қарастырылып отырған мәселелерге тiкелей қатысы бар адамдар ғана шақырылады.
      6. Бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке шығу кезiнде Тараптардың өзара келiсiмi бойынша тасымалдау және жұмыстарды орындау үшiн жiберiлетiн мемлекеттiң азаматы болып табылатын мемлекеттiң фельдъегерлiк (арнайы, дипкурьерлiк) қызметiнiң ережесiне сәйкес рәсiмделген тасымалдау жағдайынан басқа адамдарға өзiмен құпия ақпараттар тасушысын тасымалдауға болмайды. Осындай құпия ақпараттар тасушыларын дер кезiнде жұмыстар орындалатын уәкiлеттi органдар мекен-жайына жiберiледi.
      7. Басқа Тараптың уәкiлеттi органдарынан алынған түпнұсқа, сондай-ақ ұлттық тiлге аударылған, құпия ақпараты бар құжаттардың көбейтiлуi, олардан көшiрмелер түсiру және үзiндiлер (көшiрмелер) жазу ең аз қажетті данада жүзеге асырылуы тиіс. Құжаттардың түпнұсқасында қанша көшiрме жасалғаны және кiмге жiберiлгенi туралы мiндеттi түрде белгі қойылады. Осы құжаттардың тiркелуi, таратылуы және сақталуы құжаттардың көбейтiлуi жүргiзiлген Тараптың құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі iшкi нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Құпия ақпараттарды басылымда жариялау, радио және теледидарда пайдалану, басқа да әдiстермен халыққа жариялау оны белгiленген тәртiпте құпиясыздандырудан кейiн ғана жүргiзiледi.
      Тараптар ынтымақтастығы үдерiсiнде пайда болған құпия ақпараттардан құпиялылық белгiсiн алып тастау тек қана Тараптардың уәкiлеттi органдары арасындағы құжаттамалық бекiтiлген келiсiм бойынша жүргізiлуi мүмкiн. Алынған құпия ақпараттардан құпиялылық белгiсiн алып тастау тек оны берушi Тараптың тиiстi уәкiлеттi органының жазбаша рұқсаты бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
      9. Құпия ақпараттарды рұқсатсыз таратылғаны, құпия ақпараттар тасушыларын жоғалтқаны үшiн кiнәлi адамдар Тараптардың нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкке тартылады. Құпия ақпараттарды рұқсатсыз таратылу, құпия ақпарат тасушыларды жоғалту фактiлерi болған Тараптың уәкiлеттi органы бұл туралы басқа Тараптардың тиiстi уәкiлеттi және құзыреттi органдарын тез арада хабардар етiп, рұқсатсыз таратылу және жоғалту салдарын оқшаулау бойынша тиiстi шаралар қабылдауы тиiс.
      10. Ынтымақтастық үдерiсiндегi құпиялылық режимiн қамтамасыз ету үшiн бақылауды әр Тарап өзiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне және Келiсiм ережелерiне сәйкес жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады