"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Дельта Плюс" ғылыми-техникалық орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тауарлар мен қызметтердi (сайлау учаскелерi үшiн "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң мамандандырылған жабдықтарды сатып алу, жаңғырту және пысықтау), берушi және "Тодес" жауапкершілігі шектеулi ғылыми-өндiрiстiк бiрлестігi "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн бағдарламалық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгіленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына заңнамада белгіленген тәртiппен:
осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
жасалатын шартты 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 002 "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде қаржыландыруды;
осы қаулыға сәйкес қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатының сақталуын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі