"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 364 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына сәйкес, мемлекет пен кәсiпкерлердiң өзара iс-қимылын жандандыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Кеңес туралы ереже;
      2) Кеңес құрамы бекiтiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2005 жылғы "___" ______
N ____ Жарлығымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Президентi
жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы кәсiпкерлiктi дамыту және оны тиiмдi мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Кеңестiң мiндеттерi

      3. Кеңестiң негiзгі мiндеттерi:
      кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға бағытталған, сондай-ақ нарықтық экономиканы дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн iскер топтарды, кәсiпкерлiк қауымдастықтар мен одақтарды шоғырландыру;
      кәсiпкерлiк саласындағы маңызды мемлекеттiк проблемалар бойынша ұсынымдарды және оларды шешу мүмкiндiктерiн әзiрлеу болып табылады.

3. Кеңестiң құқықтары

      4. Кеңестiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына кәсiпкерлiктi қолдауға және дамытуға байланысты мәселелер жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзуге;
      консультациялар жүргiзуге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұратуға және алуға;
      проблемалық мәселелердi талқылауға қатысу үшiн кәсiпкерлер өкiлдерiн, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуға құқығы бар.

4. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      5. Кеңестiң төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi болып табылады.
      6. Кеңестiң мәжілiсi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда бiр реттен жиi болмай өткiзiледi.
      7. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша шақырылады.
      8. Кеңестiң құрамы мемлекеттiк органдарының және кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiнен қалыптасады.
      9. Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен бекiтiледi және өзгертiледi.
      10. Кеңестiң мүшелерi оның мәжiлiстерiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      11. Кеңестiң шешiмі мәжiлiсте осы мәжiлiске қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiгiмен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінiң дауысы шешушi болып табылады.
      Қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда Кеңестің мүшесі немесе мүшелерi өздерiнiң ерекше пiкiрiн бiлдiруге құқылы.
      Кеңестiң шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.
      12. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі болып табылады.
      13. Кеңестiң Жұмыс органы:
      Кеңестiң мәжілiсiн өткiзудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
      Кеңес шешiмдерiнiң атқарылуына мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады;
      Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстарының және олар бұрын қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде мәжiлiстiң күн тәртiбiнiң жобасын қалыптастырады;
      Кеңес мүшелерiне Кеңестiң кезектi отырысының орны, өткiзiлу уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарлайды және оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
      Кеңестің шешiмдерi бекiтiлген күннен бастап бiр апта iшiнде Кеңестiң мүшелерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға хаттамалардың көшiрмелерiн және өзге де қажетті материалдарды жiбередi.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2005 жылғы "___" ______
N ____ Жарлығымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Президентi
жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiнiң
құрамы

Назарбаев                - Қазақстан Республикасының Президентi,
Нұрсұлтан Әбiшұлы          төраға

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы        Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
                           Республикасының Индустрия және сауда
                           министрi

Мәсiмов                  - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы          көмекшiсi

Балиева                  - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхиянқызы           министрi

Дунаев                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы         министрi

Келiмбетов               - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы            және бюджеттік жоспарлау министрi

Ахметов                  - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерi мен
Серiк Нығметұлы            жұмыс берушiлерi жалпы ұлттық одағының
                           атқарушы директоры (келiсiм бойынша)

Байкенов                 - Қазақстан Республикасының Жұмыс
Қадыр Қарқабатұлы          берушiлер (кәсiпкерлер) конфедерациясы
                           басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша)

Баталов                  - Қазақстанның кәсiпкерлер форумы
Райымбек Әнуарұлы          кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)

Мырзахметов              - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп
Абылай Исабекұлы           палаталары одағының президентi
                           (келiсiм бойынша)

Аханов                   - Қазақстан қаржыгерлерi қауымдастығының
Серiк Ахметжанұлы          төрағасы (келiсiм бойынша)

Әбдiрахманов             - Қазақстан құрылысшылары және
Кеңесбай Әбдiрәсілұлы      Кәсiпкерлер қауымдастығының президентi
                           (келiсiм бойынша)

Шамсутдинова             - Мүлтiксiз бизнес кәсiпорындары
Светлана Юрьевна           қауымдастығының президентi
                           (келiсiм бойынша)

Абт                      - Қарағанды облысы кәсiпкерлерi
Николай Викторович         қауымдастығының президентi
                           (келiсiм бойынша)

Казанцев                 - Астана қаласы Кәсiпкерлер құқықтарын
Павел Олегович             қорғау жөнiндегi қауымдастығының
                           президентi (келiсiм бойынша)

Сүгiрбеков               - Шымкент қаласы "Оңтүстiк кәсiпкерлерiнiң
Қайрат Кеңесұлы            лигасы" қоғамдық бiрлестiгi басқармасының
                           төрағасы (келiсiм бойынша)

Дүйсембаев               - Павлодар қаласы "Бизнес" қауымдастығы
Бақытриза Күлiкбайұлы      қоғамдық бiрлестiгiнiң президентi
                           (келісiм бойынша)

Сырғабаева               - "Маңғыстау кәсiпкерлерiнiң лигасы"
Дина Iзбасарқызы           қоғамдық бiрлестiгiнiң президентi
                           (келiсiм бойынша)

Акулов                   - Шығыс Қазақстан облысы Қамысты шаруа
Владимир Иосифович         қожалығының директоры (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады