Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 372 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1514 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнiң           
2005 жылғы 21 сәуiрдегi   
N 372 қаулысымен      
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат):
      1) кірiспе "Заңына" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына " деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi жекелеген негiздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке aлу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiнде:
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ алынып тасталсын;
      15-тармақта:
      1) тармақшаның бiрiншi абзацында "сауда ұйымдары арқылы" деген сөздердiң алдынан "комиссия шартының негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада:
      бiрiншi абзацта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта "Мүлiктi" деген сөзден кейін "сауда ұйымдары арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Аукцион ұйымдастырушыны таңдау аукциондарды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегі қызметтердi мемлекеттiк сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
      Мүліктi сатуға байланысты туындаған аукцион ұйымдастырушысымен қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Ережеге сәйкес реттеледi.
      Мүлiктi сату жөнiндегi аукциондар мынадай тәртiптi сақтай отырып өткiзiледi:
      1) уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган жасалған шартқа сәйкес аукцион ұйымдастырушыға атауы, саны, бастапқы бағасы, орналасқан жерi қамтылған Мүлiктiң тiзбесiн бередi, сондай-ақ аукционды өткiзу әдiсiн анықтайды;
      2) аукцион ұйымдастырушы белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілiктi мерзiмдi баспа басылымдарында жариялануы тиiс аукционда сату үшiн ұсынылып отырған Мүлiк туралы ақпараттық хабарламаны аукцион өткiзу хабарланған күнге дейiн он күннен кешiктiрмей жасайды;
      3) ақпараттық хабарламада мынадай мәлiметтер болуы қажет:
      аукцион өткiзiлетiн күн, уақыт және орын;
      аукцион өткiзудiң әдiсi;
      Мүлiк туралы қысқаша мәлiметтер, оның бастапқы бағасы;
      кепiл жарналарының мөлшерi және оны енгiзу тәртiбi;
      аукциондарға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi;
      4) аукцион ұйымдастырушы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн уәкiлеттi органды немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органды аукционды өткiзу күнi, уақыты және орны туралы хабардар етедi;
      5) аукционға уәкiлеттi органның, коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органның қызметкерлерi және мүлiктi аукцион өткiзiлетiн мемлекеттiң меншiгiне айналдыру туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және жақын туысқандары (ата-аналары, жұбайлары, туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, балалары немесе жекжаттары - жұбайларының туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, ата-аналары мен балалары) қатыса алмайды;
      6) Мүлiктің бастапқы бағасының бес пайызы мөлшерiнде кепiл жарна енгізген және осы Ережемен белгiленген тәртiппен аукционның ұйымдастырушысы тiркеген жеке және заңды тұлғалар аукционға қатысуға жiберiледi;
      7) кепiл жарнасын енгiзу аукционға қатысушының мынадай:
      аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;
      аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз етедi;
      8) аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн:
      аукционға қатысуға өтiнiм;
      қатысушының жеке басын куәландыратын құжат;
      кепiл жарна енгiзгенiн растайтын төлем құжатын;
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты;
      заңды тұлғалар үшiн заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы жарғы мен куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерiн;
      шетелдiк заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк немесе орыс тiлiне нотариалды расталған аудармасымен құрылтай құжаттарын беру қажет;
      9) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және аукционды өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын аяқталады;
      10) аукцион оларды өткiзу ережесiн, сату затының қысқаша сипаттамасын, аукционды өткiзу әдiсiн, бастапқы бағасын, бағаны өзгерту қадамын жариялаудан басталады;
      11) егер аукционға кемiнде екi қатысушы қатысып, олардың бiрi сауда-саттыққа қойылған Мүлiктi сатып алса, ол өткiзiлген болып саналады;
      12) Мүлiкке неғұрлым көп баға ұсынған аукционға қатысушы жеңiмпаз болып жарияланады;
      13) өткізілген аукционның нәтижелерi бойынша аукционды ұйымдастырушы сатып алушы, Мүлiктiң атауы, оның бастапқы құны және сату бағасы туралы мәлiметтерді көрсете отырып, аукционның нәтижелерi туралы хаттама жасайды, оған аукцион жеңiмпазының, аукционды ұйымдастырушының және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның өкiлдерi, сондай-ақ аукционның басқа да қатысушылары қол қояды. Аукционның нәтижелерi туралы хаттама оған қол қойған тараптардың саны бойынша жасалады және сауда-саттық аяқталғаннан кейiн олардың әрқайсысына бiр-бiр данадан тапсырылады;
      14) аукционның нәтижелерi туралы хаттама Мүлiктiң сатып алу-сату шартын жасасу үшiн аукционның жеңiмпазына негiздеме болып табылады;
      15) Мүлiктi сатып алу-сату шарты уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның, аукционның жеңiмпазы мен ұйымдастырушысы арасында аукционды өткiзгеннен кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша нысанда жасалады;
      16) өткiзiлген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан және/немесе Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан аукционның жеңiмпазы осы Мүлiк бойынша өткiзiлетiн аукциондарға одан әрi қатысу құқығынан айрылады, кепiлдiк жарнасы оған қайтарылмайды, ал сатып алушы бас тартқан аукционның заты сауда-саттыққа қайтадан қойылады;
      Кепiлдiк жарнасы сондай-ақ мынадай:
      аукционға қатысудан оны өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын бас тартқан;
      нәтижелерiмен негiзсiз келiспеген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан қатысушы бас тартқан жағдайларда қайтарылмайды;
      17) аукционның қандай да бiр затын сатып алған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының шотына есептеледi, ал аукционға қатысқан, бiрақ одан ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы қайтарылады;
      18) бiрiншi аукцион өткізілмеген болып жарияланған жағдайда, аукционды ұйымдастырушы бiрiншi аукцион өткiзiлмеген болып жарияланғаннан кейін кемiнде 10 күн өткен соң осы тармақта белгiленген оны өткiзу рәсiмдерiн сақтай отырып, сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша келесісін өткiзе алады.
      Сауда-саттықтың голланд әдiсi бойынша аукционды өткізу кезiнде Мүлiктiң құны оны жарияланған баға бойынша қатысушылардың бiрi сатып алуға келiскен сәтке дейiн жарияланған қадаммен төмендетiледi, ол комиссия белгiлеген ең аз бағадан төмен болмауы тиiс;
      19) сауда-саттық кезiнде бағаның арту немесе төмендеу қадамы бастапқы бағасының үштен бес пайызына дейiнгi шекте белгіленедi.";
      25-тармақта "санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу экономикалық жағынан тиiмдi емес тауарлардың азғантай партияларын және" деген сөздер "тасымалдауға, сақтауға, сатуға, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындар олардың бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың азғантай партияларын және өзге де Мүлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.

      3. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II-бөлiмде "Шығындар":
      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" функционалдық тобында:
      "68 695 586" деген сандар "68 613 005" деген сандармен ауыстырылсын;
      02 "Қаржылық қызмет" кiшi функциясында:
      "28 844 578" деген сандар "28 761 997" деген сандармен ауыстырылсын;
      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      "28 652 008" деген сандар "28 569 427" деген сандармен ауыстырылсын;
      005 "Жекелеген негiздемелер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сату 82 581" бағдарламасы алынып тасталсын;
      03 "Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi" функционалдық тобында:
      "111 689 861" деген сандар "111 772 442" деген сандармен ауыстырылсын;
      03 "Сот қызметі" кiшi функциясында:
      "8 709 946" деген сандар "8 792 527" деген сандармен ауыстырылсын;
      501 "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" әкiмшiсi бойынша:
      "8 709 946" деген сандар "8 792 527" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 005 бағдарламамен толықтырылсын:
      "005 Жекелеген негiздемелер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сату                   82 581".

      4. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысында :
      1-тармақта:
      он бесiншi абзацта "170" деген сандар алынып тасталсын;
      жиырма бесінші абзац "355," деген сандардан кейiн "355-1" деген сандармен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 170-қосымша алынып тасталсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген қаулыға 355-1-қосымшамен толықтырылсын.

      5. (Ескерту. 5-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 21 сәуiрдегi   
N 372 қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
1354 қаулысына     
355-1-ҚОСЫМША      

501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

005 "Жекелеген негiздер бойынша республикалық меншікке
түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сатуды жүргізу"
республикалық бюджеттiк бағдарламасының
2005 жылға арналған
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 82 581 мың теңге (сексен екі миллион бес жүз сексен бiр мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуiн қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке түскен мүлікті сақтауға, тасымалдауға, бағалауға, сертификаттау және санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргізуге, жөнелтуге, сатуға, жоюға және одан әрі пайдалануға байланысты қызметтерге уәкілетті органның ақы төлеуі.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
Р/с|Бағ.|Кiшi |Бағдарлама.|   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
N |дар.|бағ. |ның (кіші  |(кіші бағдарлама. | асыру | орындаушылар
   |лама|дар. |бағдарлама.|лардың) іске асыру|мерзім.|
   |коды|лама |  лардың   |    жөніндегі     | дері  |
   |    |коды |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
____________________________________________________________________
1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1  005        Жекелеген   Жекелеген негiздер  Жыл    Қазақстан
               негiздер    бойынша республика- iшiнде Республикасы
               бойынша     лық меншiкке түскен        Жоғарғы Соты
               республи-   мүлiктi сақтаумен,         жанындағы Сот
               калық мен-  тасымалдаумен, ба-         әкiмшiлiгi
               шiкке түс-  ғалауға, сертифи-          комитетi және
               кен мүлiктi каттау және сани-          облыстардағы,
               бағалау,    тарлық-эпидемиоло-         Астана,
               сақтау және гиялық сараптау            Алматы қала-
               сату        жүргiзуге, жөнел-          ларындағы
                           туге, сатуға, жоюға        әкiмшiлер
                           және одан әрi пай-
                           далануға байланысты
                           қызметтерге, сон-
                           дай-ақ басқа да
                           қызметтерге ақы
                           төлеу
____________________________________________________________________

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады