Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1514 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.09.22 № 1066 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

     1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

     жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеде:
     1-тармақ "уақтылы атқаруды" деген сөздерден кейін "және жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздермен толықтырылсын;

     11-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
     "16) жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.".

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
     Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады